Енем артымнан келген жасаудың жұпыны болғаны үшін тілдеп отырады

Oinet.kz 04-10-2022 3733

Əркімнің тағдыр жазуы əр қилы. Менің айтайын дегенім тіптен бөлек. Келін боламын деп, көңілім бір көтерілмей қойды.

Screenshot_4.jpg

Ана өнегесін көрмеген жанмын. Əйел адам болмаған соң ер адамға тəн қасиеттерім барын жасырмаймын. Туғаннан əкемнен басқа ешкімді көрмедім. Расымен де, жалғыз əкем ғана бар. Жайымды біліп тұрып, келінімді қызымдай көрем деп алып, маған "еркекшора келін" деп ат қойып алды.

Алғашында əзілі шығар деп едім. Келе-келе көрінген адамға менің ана тəрбиесін көрмегенімді айта береді. Мені адам құрлы көрмейді.  Ес білгелі əкемнің арманы - мені ұзату еді. Ер адам не білсін? Əр сөзінде əкемді тілдеп отыратыны жүйкеме тиіп жүр. Құдағиым жоқ деп, маған ауыр-ауыр сөздер айтатынын елемеуге айналдым. Əкем өмір бойы жүк тасумен айналысқан адам. Үйде төрт баладан соң мені көрген. Қыз жасауыннан хабары аз ғой. Ағаларымның əйелдері жаны ашымағаны шығар... Жөнді киер киімімнің өзін дұрыстап алмағаны енеме таба қылды.

«Жетім қыздың жүгіндей» деген сөзді қазақ бекер айтпаған екен-ау деп кейде жылап аламын. Анам болғанда, ел қатарлы жасауымды жасап ұзатар еді. Әкетайым менің бақытты болғанымды сонша күтті. Көрген қиындықтарымды айтып, әкемнің жүрегін ауыртқым келмейді. Сырттай бақытты кейіп танытқаныммен ішім толып кетті.

Дүниеге өз басым қызыққан емеспін. Мен үшін бақыт, күйеуімнің ыстық ықыласы, енемнің ұрыспай анам сияқты білмегенімді үйретіп ақыл айтуы, туған-туыстармен қарым-қатынастың жылы болуы дер едім. Ал дүние үшін басымды ауыртқым келмейді. "Қызым, ешқашан дүниеге қызықпа, бастысы деніміз сау болса, дүние табылады" деген әке сөзін естіп үйренген басым, енемнің сөздерін түсіне алар емеспін...

Айнұр

Рулас жігітіне тұрмысқа шығып зар қақсаған келіншектің оқиғасы
Түнде оның әйелінің қасында жатқанын ойласам, ішім алай-дүлей болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу