Ағам деп сыйлап жүрген азаматтың құрбымда ойы бар екен

Oinet.kz 27-09-2022 3368

Қазақы отбасында тәрбиеленіп, аға сыйлап өскен қыз болғасын, "қарындас" деп маңдайдан сипаған ағаның бәрін іш тартып жақсы көре беріппіз. Әсіресе, өнерде жүрген ағалардың азаматтығы биік болады деп ойлаушы ек. Оңбай қателесіппіз.

Screenshot_15.jpg

Бүгін ғана аға көріп, көп ерсі қылықтарын кешіріп жүрген бір есерсоқтың қылығы шалқамыздан түсірді. Ел сыйлайтын, әп-әжептеуір беделді азамат қызымен жасты құрбыма сезімін білдіріпті. Не деген масқара? Жақында ғана ұлын ұяға, қызын қияға қондырғанына куә боп, тіпті алғашқы немересіне "бауы берік болсын" айтқан ағамыздың мына бір ессіз қылығын қалай қабылдарымызды білмей дал болдық.

Ол ол ма... Бұған дейін де талай жас қыздарға әңгіме айтқанын естіп тіптен оны жек көріп кеткендей болдық.

Ол өзі біз актриса боп істейтін театрдың режиссеры. Елуді еңсерген кісі. Ал құрбым жиырма бесте. Бұған дейін де сөз арасында құрбыма қалжыңдап әлдеңе деп қалып жататынын байқайтынмын. Бірақ бүгінгідей ашық сезімін мойындайды деп ол да, мен де күтпедік. Алғашқыда қалжыңы шығар деп мән бермегенмен, соңыра шын екенін ұқтық. Енді құрбым жұмыстан шығуға арыз жазбақ... Ондай адаммен мен де жұмыс істесе алмайтын сияқтымын.

"Аға" дейтін биіктіктен осы бір қылығы арқылы ет-беттеп құлады. Алдымызда қадірін жоғалтты. Сыйластыққа сызат түсті.

Өнер адамдарының бәрі сонда жүргіш бола ма?

Өте салақ келінімнен шаршадым
«Шайтан түртіп жүр мені» — әйелімнің көзіне шөп салдым…
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу