Бұрынғы күйеуімді қатты сағынып жүрмін

Oinet.kz 25-09-2022 3644

Мендегі мəселе - күйеуім. Екі жыл бұрын бір тал  інімнің денсаулық жағдайы нашарлап, ініме қарауға мəжбүр болдым. Сол інімді  қараймын деп, күн сайын Ақтаудан Бейнеуге барып жүрдім. Анам мен əкеме ауырлық түспесін деп, туысқаныма қарап барынша қолдан келген көмегімді бергім келген.

Screenshot_5.jpg

Бірақ, сол жағдай күйеуіме жақпады. Екі күннің бірінде үйіме баруым оған ұнамады. Бəрін түсіндіруге тырыстым. Түсінгісі келмеген адамға мың жерден түсіндірсең де пайда жоқ.

Сол кезде мен де екі таңдау тұрды. Екі жол. Қайсысын таңдасам да оңай болмасын ұқтым. Бір жағында ауру інім, кәрі ата-анам, екінші жағында жан жарым. Ақыры, шешім қабылдап ажырасып тындық. Мен шарасыз болдым. Ауру інімді, кәрі әке-шешем қарай алмайтын. Інімнің көзін жаудыратып, есікке қаратып бармай қоюға дәтім жетпеді.

Күйеуім көп ұзамай үйленіп алды. Ал мен, оны қатты сағынып жүрмін. Жүрегімді олсыз өмірге үйрете алмай қиналып біттім.  Күйеуімді қатты сүйемін. Көргім келеді де тұрады. 

Тəнім қалайды. Түн баласы көзім ұйқы көрмейді. Бұрынғы кездерді қатты аңсаймын. Оның əрбір сөзі, қимылы көз алдымда. Өз-өзіме қарсы бола алмаудан асқан азап жоқ шығар?!...

Әйел  жанының  жалғыздықтан, үмітсіздіктен  қатты жаурайтынын басынан өткізбесе ешкім сезінбесі анық. Жаным жаралы, көңіліме ештеңе сыймайды...

Еркектер неге қатыгез болады екен?

Бақай есеп үшін біреудің өмірінің тас-талқанын шығару...
Өткенімді білсе теріс айналып кете ме деп қорқамын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу