Келіні енесінің тамағына әйнек қосып беріп жүрген...

Oinet.kz 24-08-2022 4689

Өзбекстанның Ташкент қаласында келіні бірнеше жыл бойы енесінің тамағына зиян заттар мен әйнек қосып беріп жүрген, - деп хабарлайды Zamon.uz.

Screenshot_9.jpg

Бұл туралы Әділет министрлігі жанындағы Х.Сулайманова атындағы республикалық сот сараптамасы орталығының мәліметінде айтылған. Әйел келінін тамаққа зиян заттар салып жүр деп күдіктенген. Оның айтуынша, тәбеті жоғалып, біраз уақыттан кейін жағдайы нашарлаған. Ақыры ауруханадан бір-ақ шыққан. 

Сараптама барысында оның ағзасынан зиян заттар мен ұсақ әйнектер табылыпты.

Орталық сарапшысының айтуынша, тергеу барысында келін енесінің денсаулығына зиян келтіру және одан кейін өлімге әкеп соқтыру үшін бірнеше жыл бойы зиян заттар мен әйнектер қосқаны расталған.

massaget.kz

Әпкемнің күйеуіне қалай тұрмысқа шығамын? Басым қатып кетті
Кесір келіннің қиянаты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу