Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Наурыздың 27-сі күні «Twitter» әлеуметтік желісінде мұсылман жас жұбайлардың фото-суреті жарияланыпты. Фото-суретте ерлі-зайыптылар, дәлірегі, жас жұбайлар бейнеленген.
Ең қорқыныштысы онда, күйеуімен бірге бір бағытқа қарағанымен, айнада зайыбының теріс қарап тұрғаны таспаға тартылып қалған. Бұл фото-сурет «9gag.com» сайтында жарияланған, десе де оның шынайылығына күмәнмен қарайтындар фотошоп жасаған деген ойда.
Ал өзгелері мұны тылсым әлеммен байланыстырып отыр.
Бұл фото-суретті көргендердің кейбіреуі қорыққанынан, тіпті, ұйықтаудан қалған. Мәселен, ғаламтор пайдаланушысы @JunkieCentric осындай күйді бастан кешкендігін жазыпты. Ал енді біреулері жынмен байланыстырған.
Жындар турасында тек қасиетті Құранда ғана емес, сонымен қатар, Евангелия, Тәурат секілді өзге де киелі кітаптарда айтылған. Мұсылмандардың діни трактаттарында жындармен үйленіп, бас құрағандардың болғандығы жөнінде дерек бар.
Десе де, асыл дінімізде түрлі кейіпке ене алатын жындармен шаңырақ көтеруге тыйым салынған.