Шымкент: Мүгедектерге қамқорлық артып келеді

Oinet.kz 09-11-2024 52

8.jpg 

Қоғамның қаншалықты зиялы екендігі қарттар мен мүгедектерге жасалған жағдаймен, соларға деген сый-құрмет, қамқорлықпен өлшенеді. Бүгінде мемлекетімізде ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға әлеуметтік қолдау шаралары белсенді түрде жүргізілуде.

Шымкент қаласы әкімдігінің хабарлауынша,  бүгінгі таңда мегаполисте 41 544 мүгедектігі бар азамат тіркелген. Олардың ішінде 4 614-і – бірінші топтағы, 15 455-і – екінші топтағы, 13 505-і – үшінші топтағы азаматтар, сондай-ақ 18 жасқа дейінгі - 7 970 бала бар. Мемлекет тарапынан олардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында жан-жақты шаралар қабылданып, қажетті құрылғылар мен жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Ерекше жандарды оңалтудың жеке бағдарламасы аясында жыл басынан бері - 45 681 өтінім қабылданып, оның 37 970-і (82,5%) қамтамасыз етілді. Протездік-ортопедиялық құралдарға 8 203 өтінім түсіп, олардың 6 147-сі үлестірілді. Сонымен қатар, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарға 20 779 өтінім тіркеліп, нәтижесінде 19 012 адамның қажеттілігі өтелді. Тірек-қимыл жүйесінде бұзылысы бар азаматтарға 1 347 өтінім бойынша қоларба қарастырылып, 1 197 адамға арба берілді.

Сонымен қатар, жеке көмекшінің, ымдау тілін үйретуші мамандардың қызметі бойынша 2 901 азамат мұқтаждық танытып, олардың 2 863-іне тиісті қызмет көрсетілген. Шипажайда сауықтыру емі үшін 8 471 адамға жолдама берілді.

Әлеуметтік қолдау құралдарын алу үшін мүгедектігі бар азаматтар қажеттіліктерін арнайы әлеуметтік портал арқылы тапсырыс бере алады. Сонымен қатар, Бәйтереков көшесіндегі басқарма ғимаратында өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған, мұнда тұрғындар портал арқылы өздеріне қажетті құрылғыларды таңдай алады. 


Шымкентте «Цифрлық драйвер» форумы өтті
Шымкентте ФИДЕ Гран-приінің екінші кезеңі аяқталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу