Шымкент: Сарбаздарға тегін оқу сертификаттары тапсырылды

Oinet.kz 05-11-2024 169

13.png 

 Шымкентте орналасқан ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің саптық алаңында 2-2023 шақырылым сарбаздарына тегін негізде жоғары оқу орнына түсу туралы сертификаттар салтанатты түрде табыс етілді. Бұл туралы ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады. 

Айта кету керек, Шымкент жедел бригадасының 400-ге жуық әскери қызметшісі бағалы сертификаттар алуға үміткер болды. Тек 38-і ғана жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік алды.

6506 әскери бөлімінің командирі полковник Марат Рахпанов өз сөзінде: «Біз әскери қызметшілеріміздің жеке және кәсіби өсуіне барлық жағдай жасауға тырысамыз. Білім беру гранттарын тапсыру - бұл біздің сарбаздарымызға жоғары білікті маман болуға және елдің дамуына үлес қосуға мүмкіндік беретін болашаққа салынған инвестиция» - деді ол.

Грант алушылардың бірі, қатардағы жауынгер Мақсат Тоқтасын өз әсерімен бөлісті: «Мен әрқашан жоғары білім туралы армандайтынмын. Бұл грант мен үшін өз амбицияларымды жүзеге асыруға және қажетті біліммен еліміздің дамуына үлес қосуға тамаша мүмкіндік».

Тегін білім беру гранттары әскери қызметшілерді қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаның бөлігі болып табылады. Мұндай бастама сарбаздар арасындағы білім деңгейін арттырып қана қоймай, олардың елге одан да адал қызмет етуге деген ынтасын арттырады.

Естеріңізге сала кетейік, мерзімді әскери қызметтен өткен сарбаздар осы сертификаттармен ЖОО-ға екі жыл ішінде түсе алады.

Айта кетері, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

 – Туған жердің аумақтық тұтастығын сақтау – қастерлі борыш. Батыр бабаларымыз ғасырлар бойы жерінің шетін жауға бастырмай, бізге мирас етті. Осы ұлы мұраны көздің қарашығындай сақтау – басты міндетіміз. Біртұтас әрі қуатты мемлекетті ұрпаққа табыстау – негізгі мақсатымыз. Ел іші тыныш, қоғам тұрақты болса, жасампаз әрі өркениетті мемлекетке айналамыз. Яғни, дамыған ел боламыз десек, ең алдымен, бейбітшілік және тыныштық керек. Қарулы Күштеріміз осы қастерлі құндылықтарды қорғауға тиіс, – деп атап өткен болатын.

 


Шымкент: Өзекті мәселелер шұғыл шешімін табуы тиіс
Шымкент: Сессияда ономастикаға қатысты мәселе қаралды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу