«Таза Қазақстан»--табиғатқа деген қамқорлықты қалыптастыру

Oinet.kz 26-10-2024 210

30.jpg 

Мемлекет басшысының тапсырымасымен іске асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкентте сенбіліктер өтуде. Шара барысында, қала көшелері, арық-атыздар, саябақтар, скверлер тазартылды.

Сенбіліктің басты мақсаты – қаламызды таза әрі жайлы ету, экологиялық мәдениетті дамыту және табиғатқа деген қамқорлықты арттыру.

"Таза Қазақстан" бастамасы аясында өткен бұл шара бізді табиғатқа жақындастыра түсті. Бірге болсақ, табиғатымызды қорғап, әдемі Шымкентімізді көркейте аламыз!

Бүгін “Таза Қазақстан” Республикалық экологиялық акциясы аясында жалпы қалалық сенбілік өтті.

Сенбілікке қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-нің қызметкерлері сенбілікке қатысты. Қызметкерлер Желтоқсан көшесі, яғни Темірлан тас жолынан Сайрам көшесіне дейін аралықта көше бойларын, арық ішін қоқыстардан тазартты.

Жалпы таза орта қалыптастыру тазалаудан емес, тазалық сақтаудың нәтижесінде жүзеге асады.

26 қазанда Шымкент қаласының тұрғындары "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық бағдарламасы аясында бірігіп, биылғы жылдың ең ірі сенбіліктерінің бірін өткізді. 4000-нан астам қала тұрғындары, оның ішінде ақсақалдар мен еріктілер де коммуналдық қызметтермен бірге қала аумағын тазартуға белсенді қатысты. Іс-шараға барлығы 49 арнайы техника жұмылдырылды. Оның ішінде 8 тиегіш, 24 самосвал, 3 автокөтергіш және 14 борттық "Газель" көлігі. Шығарылған қоқыс көлемі 8 435 текше метрді құрады.

Сенбілікке қатысушылар ағаштарды ағарту мен шөп шабудан бастап өзен арнасын тазартуға, қураған ағаштарды кесуге және жас ағаштарды отырғызуға дейінгі көптеген жұмыстарды атқарды. Бір күнде 1000 көшет отырғызылды, бұл қаланы көгалдандыруға қосатын маңызды үлес болып табылады.

Сенбілікке қатысушылардың бірі, жергілікті тұрғын Марат Ахметов: "Осындай маңызды шара үшін бүкіл қаланың бірігіп жатқанын көргеніме қуаныштымын", - деп өз пікірімен бөлісті. "Біз бәріміз шымкентіміздің таза және жасыл болғанын қалаймыз және мұндай іс-шаралар әрқайсымыздың жауапкершілігіміз екенін еске салады",- дейді ол.

Іс-шарада суару жүйелері мен тротуарларды тазалау, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін жөндеуге және бояуға ерекше назар аударылды. Тұрғындар бір-біріне белсенді қолдау көрсетіп, шынайы бірлік пен өзара көмек атмосферасын қалыптастырды.

"Бұл жай ғана тазалық шарасы емес, бұл туған қалаға деген тазалық пен қамқорлық мерекесі", - деп атап өтті ерікті Айнұр Садықова.

 

 


Шымкент: Креативті индустрияның көрмесі ұйымдастырылды
Шымкент: Жемқорлық тәуекелдерінің картасы әзірленді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу