Шымкент: Креативті индустрияның көрмесі ұйымдастырылды

Oinet.kz 26-10-2024 211

29.jpg 

Республика күні Шымкентте көптеген мерекелік шаралармен атап өтілуде. Мәселен  Туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы ассоциациямен бірлесіп, креативті индустрияның үздік өнімдері ұсынылған көрме өткізді.

«Tulip Hall» концерт залында өткен бұл іс-шараға зергерлік, киіз, тоқыма және былғарыдан жасалған бұйымдарын алып келген 17 шебер қатысты.

Көрменің басты мақсаты — креативті индустрия кәсіпкерлеріне өнімдерін нарыққа шығарып, сатылымнан пайда көруге қолдау көрсету, сондай-ақ қалада креативті өндірісті дамытып, қолөнердің танымалдылығын арттыру.

Бүгінгі таңда Шымкентте креативті индустрия саласында жұмыс істейтін 2430 кәсіпкер тіркелген. Биыл қаладағы Арбат алаңында қолөнершілердің қатысуымен 10 жәрмеңке ұйымдастырылып, осы іс-шаралар барысында 2 780 000 теңгеге 1450 қолөнер өнімі сатылған.

Осындай бастамалар арқылы ежелден келе жатқан қолөнер түрлерін сақтап, жас шеберлерге қолдау көрсетіп, мегаполисте креативті индустрияның тұрақты дамуына үлес қосуға болады.

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру» «Бір ауыл – бір өнім» конкурсының финалистері бойынша арнайы комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысына 19 кәсіпкердің жобалары қаралды.

Конкурстың әділеттілігін және ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында арнайы комиссия құрамы жасақталып, өтінімдер «Kezekte.kz» электронды ақпараттық жүйесі арқылы қабылданды.

Комиссия құрамына қалалық мәслихаттың, қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми-білім беру мекемелерінің, салалық сарапшылардың, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент қаласы бойынша департаменті және Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті өкілдерінен құралған.

Сонымен қатар, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында аудио және бейне жазба жүргізіліп, комиссия отырысына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті және Шымкент қаласы мәслихатының өкілдері арнайы байқаушылар ретінде қатысты.

Конкурста, «Ұлттық нақыштағы жұмсақ ойыншықтармен балаларды таныстыру» жобасы, «Икемді клинкер өндірісі» жобасы, «Тиімді Өріс» атты жобасы және т.б осы сияқты кәсіпкерлер өздерінің ерекше жобаларын комиссия құрамына таныстырып, өз жобаларын қорғады.


Республика күні —ұлы мереке
«Таза Қазақстан»--табиғатқа деген қамқорлықты қалыптастыру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу