Шымкент: Автобустардың аралық интервалы азаяды

Oinet.kz 29-09-2024 505

14.jpg 

Шымкентте жолаушылардың өтініштері ескеріліп, №16, №108, №61, №171, №180, №191 маршруттарға қосымша 12 автобус қосылды. Бұл өз кезегінде автобустардың аралық интервалын азайтып, жолаушылардың қоғамдық көліктерді ұзақ күтпеуіне септігін тигізеді. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімдігі хабарлады.

№276 орамда жолаушылар ағынының артуына байланысты №16 автобус маршрутына қосымша 2 кесте қосылды. Қазіргі уақытта 10 автобус 15 минуттық жиілікпен қатынауда.

Сондай-ақ, №108 бағыттағы 10 автобус Шымсити шағынауданынан Күншығыс шағынауданына (ХҚКО) дейін күнделікті жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсеткен. Шымсити шағынауданы тұрғындары өтініштерін ескере, №108 автобус маршрутына қосымша 2 кесте қосылды. 12 автобустың жұмысы 15 минуттық жиілікпен ұйымдастырылды.

Ал, №61 автобус маршрутына Нұршуақ шағынауданында жолаушылар ағынының артуына байланысты 2 кесте қосылып, бүгінде 14 автобус 13 минуттық аралық жиілікпен жолаушыларды тасымалдауда.

№171 бағыт: Бозарық шағынауданы (саяжай) – әскери комиссариат. Бұрын бұл бағытта 10 автобус қызмет көрсетіп келген болса, енді жолаушылар ағынының артуына байланысты қосымша екі кесте енгізіліп, қазіргі таңда 12 автобус 12 минуттық жиілікпен жүреді.

№180 бағыт: Көкбұлақ тұрғын алабы – Гүлжан аялдамасы. Алдын бұл бағытта 8 автобус қызмет көрсетіп келген болса, енді Көкбұлақ тұрғын алабында жолаушылар ағынының артуына байланысты қосымша екі кесте енгізіліп, қазіргі таңда 10 автобус 15 минуттық жиілікпен жүреді.

№191 бағыт: Қарабастау тұрғын алабы – Б.Момышұлы көшесі. Аталған маршрут күніне 8 автобус жолаушыларды тасымалдаса, бүгінде Қарабастау тұрғын алабында жолаушылар ағынының артуына байланысты қосымша екі кесте енгізіліп, қазіргі таңда 10 автобус 15 минуттық жиілікпен жүреді.


Шымкент: Еңбек күнінде жәрмеңке ұйымдастырылды
М.Отарбаев: Кітап оқыған жастар өз ұлтын сүйеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу