Әскери дайындық пәні мұғалімдері тәжірибе алмасты

Oinet.kz 29-08-2024 585

14.jpg 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Отан қорғау – баршамызға ортақ парыз. Мұны, әсіресе, өскелең ұрпақ терең түсінгені абзал. Мемлекет жас сарбаздарға жан-жақты қолдау көрсетіп жатыр. Оларға арнайы білім гранттары бөліне бастады. Несиені өтеу мерзімі кейінге шегерілді. Енді армияда жүріп, нақты мамандық алуға болады. «Ер жігітке жарасар, қолындағы найзасы» деп әйгілі Бұқар жырау батырлық пен ерлікті ерекше дәріптеген. Шын мәнінде, әскер – мемлекеттің аса маңызды символы. Мен сарбаздарымыздың жауынгерлік рухы жоғары болғанын мақтан етемін, – деді Мемлекет басшысы.

Шымкенттегі Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімі аумағында қаланың білім басқармасымен бірлескен маңызды жиын өтті. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Бұл оқу әдістемелік жиын - Еңбекші және Қаратау аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының ұйымдастыруы бойынша Шымкент қаласы оқу орындарының бастапқы әскери технологиялық дайындықты ұйымдастырушы пән мұғалімдеріне арналды. Оқу-әдістемелік жиынның негізгі мақсаты - жасөспірімдерді әскери қызметке дайындау, бастапқы әскери дайындықты ұйымдастыру мен жүргізуде әскери қызметшілермен тәжірибе алмасу.

Іс-шараның жоспары бойынша 6698 әскери бөлімінің алаңында әскери қызметшілер оқу-әдістемелік жиынға қатысушы ұстаздармен «Саптық дайындық», «Қару-жарақпен жұмыс» сияқты тактикалық сабақтар көрсетті. Сондай-ақ әскери бөлімде әскери қызметшілердің балаларына арналған «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубымен өткізілетін іс-шаралар тәртібімен таныстырды. Айта кетейік, бұл маңызды шара әскери бөлімде екінші рет ұйымдастырылып отыр.

Оқу жиыны соңында оқу орындарының мұғалімдері мен ұйымдастырушылар 6698 әскери бөлімінің басшылығына сапалы өткізілген тәжірибелік, тактикалық сабақтар үшін алғысын айтты. Жастарды ел қорғау ісіне баулуда, әскери қызметті насихаттауда маңызды орын алатын бірлескен шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.


Сақтықта қорлық жоқ
Шымкент: «Мерейлі отбасы– 2024» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу