Сақтықта қорлық жоқ

Oinet.kz 28-08-2024 576

111.jpg

Ұялы телефон – ұрылар үшін оңай олжа болып отыр. Гаджеттерді ұрлау бүгінде жеке мүлікті ұрлаудың ең көп таралған түрлерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар азаматтар тек телефонынан ғана емес, өздерінің жеке құнды деректерінен де айырылады. Көп жағдайда ұялы телефонды ұрлаудың негізгі себебі иелерінің немқұрайлылығы болып келеді.

Мәселен, Еңбекші ауданы полиция басқармасына жергілікті тұрғын ұялы телефонын жоғалтып алғандығын айтып арызданған. Айтуынша, аулада серуендеп жүріп, 400 мыңдық телефоны жоғалғанын уақыт өте байқап, қайта таба алмаған.

Анықтау бөлімінің қызметкерлері тез арада іздестіру жұмыстарына кірісіп, қажетті жедел шараларды қабылдады. Нәтижесінде полицейлер жоғалған телефонды сол маңның тұрғыны тауып алғанын анықтады. Осылайша аз уақыт ішінде смартфон заңды иесіне қайтарылды.

Өз кезегінде азамат тәртіп сақшыларының жедел әрекет жұмыстарына шынайы ризашылығын білідіріп, алғыс айтты.

Ақылды құрылғының ұрлығынан сақ болу үшін тәртіп сақшылары телефонды қолжетімсіз жерде сақтауға кеңес береді.

Бейтаныс адамдарға ұялы телефонды ұсынудан аулақ болыңыздар. Және смартфоныңызға құпия код орнатып, киіміңіздің алдыңғы қалтасында сақтаңыз.

Егер, аталған қылмыстың құрбаны болған жағдайда, мүлкіңізді қайтару үшін төмендегі әрекеттерді жасаңыз;

Телефон ұрлығы туралы, полиция бөлімшесіне хабарлаңыз;

Мүліктің сізге тиесілі екенін растайтын құжаттар мен чекті, кепілдік талоны мен телефон қорабын алуды ұмытпаңыз;

Жеке IMEI кодыңызды есте сақтаңыз. Оны телефондағы құжаттардан білуге болады. Осы код арқылы полиция ұрланған смартфонды іздейді;

Ұялы байланыс операторына ұрлық туралы хабарлап, нөміріңізді бұғаттаңыз;

Банк қызметкерлерімен байланысып, картаңызды құлыптаңыз;

Поштаңыз бен әлеуметтік парақшаларыңыздың құпия сөздерін ауыстырғаныңыз абзал;

Қолданған ұялы телефондарды сату бойынша жақын маңдағы дүңгіршектерді шолып шығыңыз. Әдетте, тәжірибесі аз ұрылар телефоннан тезірек құтылудың амалын іздейді.

Аталған қылмыстың алдын алу үшін, сақтық шараларын бұлжытпай орындап, қырағы болғандарыңыз дұрыс. Сақтықта, қорлық жоқ!


Қарашада Шымкентте Орталық Азия театрларының фестивалі өтеді
Әскери дайындық пәні мұғалімдері тәжірибе алмасты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу