Құрылыс сапасы—басты назарда
2024 жылы Шымкентте құрылыс саласы жаңа деңгейге көтерілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брфиингте қалалық құрылыс басқармасының басшысы Олжас Тәжібаев мәлім етті.
--Биыл 163,07 млрд. теңгеге 114 жоба жүзеге асырылып, 111 нысан жыл соңына дейін тапсырылмақ. Бұл біздің қала тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсартуға арналған үлкен қадам.
Биылғы жылы 79 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 207,6 мың шаршы метр құрайтын жаңа пәтерлер пайдалануға беріледі. Қаламыздың түрлі аудандарында жаңа үйлер бой көтеріп, тұрғындарға қолжетімді баспана ұсынылуда. 13 тұрғын үйдің құрылысы келесі жылға жоспарланған. Бұл алдағы жылдарда да Шымкенттің даму қарқыны жоғары болатынын көрсетеді,--деді басқарма басшысы.
Сондай ақ, әлеуметтік осал топтарға және жұмыс жасайтын жастарға 1180 пәтер сатып алынды. Бұл тек баспана ғана емес, олардың болашаққа деген сенімін арттырудың бір жолы.⠀⠀
--Бүгінгі күнде қаламызда білім беру мен мәдениетті дамыту бағытында үлкен жұмыстар атқарылуда. Ұлттық жоба аясында 18 мектептің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл қала тұрғындарының болашағына жасалған инвестиция, әрбір балаға сапалы білім алуға мүмкіндік береді.⠀ 2024 жылы 11 жаңа мектептің құрылысы аяқталмақ. Бұл 15 800 оқушыға сапалы білім беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Ал 2025 жылы тағы 7 мектеп өз есігін ашады. Сонымен қатар, 7 жаңа білім нысанының құрылысы да жоспарланған. Бұлар – қаладағы білім беру инфрақұрылымын күшейтетін маңызды нысандар.
Қалада 5 мәдениет үйінің құрылысы да жүргізілуде. Бұл нысандар Шымкент тұрғындарына мәдени демалыс пен шығармашылықты дамытуға жаңа мүмкіндіктер сыйлайды. 2024 жылдың соңына дейін 4 күрделі жөндеу нысаны пайдалануға берілмек. Бұл біздің қаланың білім беру және мәдениет саласындағы сапалы өзгерістерге деген адалдығымызды көрсетеді,--дед спикер.⠀
Білім – болашақтың негізі! Шымкент қаласының жаңа мектептері мен мәдениет нысандары жас ұрпақты тәрбиелеуге, олардың дамуына және қала тұрғындарының мәдени өмірін байытуға бағытталған.
2024 жылдың алғашқы 6 айында қаладағы 10 382 пәтердің 198 кемшілігі анықталып, оның 188-і қалпына келтірілді. Қалған 10 кемшілік бойынша жұмыс әлі де жалғасуда. Бұл жұмыстардың барлығы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жайлы өмір сүру жағдайларын сақтау мақсатында жүргізілуде.⠀
2021 жылдан бері 233 көппәтерлі тұрғын үйге техникалық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 68 үй сейсмонығайтуды қажет етсе, 67 үй апатты деп танылды. Бұл үйлердің тұрғындары үшін қауіпсіздік бірінші орында, сондықтан қажетті шаралар қабылдануда.⠀
--2024 жылы анықталған кемшіліктер саны азайып келеді. Бұл құрылыс сапасының жақсарып жатқанын көрсетеді. Мердігер мекемелер кепілдік мерзімінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша белсенді жұмыс істеуде. Шымкент қаласында тұрғын үй сапасы – басты назарда! Біз сіздің қауіпсіздігіңіз бен жайлылығыңызды қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп келеміз деді, --Олжас Пердебайұлы.