Шымкент: 147 борышкер әкімшілік жауапқа тартылды
Шымкентте сот орындаушыларының ұсыныстары негізінде 147 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы прокуратурасының әкімшілік және атқарушылық өндірісті қадағалау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Бауыржан Мырзалиев атап өтті.
Оның ішінде сот қаулысымен 92 борышкерге 5 тәулікке дейін қамаққа алу, 55 борышкерге - 5 АЕК мөлшерінде (17 250 теңге) айыппұл салынған.
Мегаполисте алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлер саны азаймауда, бүгінгі күнде осындай әкелердің саны 2913-ке жетіп олардың алимент берешегі 3 млрд. 807 млн. теңгегі құраған. Осы төлемдердің ұзақ мерзімде өндірілмеудің негізгі себептерінің бірі - борышкердің тұрақты ресми табыс көздерінің болмауынан және тұрғылықты мекенжайының анықталмауы, яғни, борышкерлердің іздеуде болуы.
Сот орындаушылардың қаулыларына сәйкес 624 алимент борышкерлеріне қатысты іздеу жарияланып, істер уақытша тоқтылған.
Прокуратура тарапынан іздеу жариялануына байланысты уақытша тоқтатылған атқарушылық өндірістер бойынша полиция органдары қандай шаралар қабылдағаны зерделенуде.
--Одан бөлек, сот орындаушыларының ұсыныстары негізінде 147 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде сот қаулысымен 92 борышкерге 5 тәулікке дейін қамаққа алу, 55 борышкерге - 5 АЕК мөлшерінде (17 250 теңге) айыппұл салынған.
Алимент бойынша әрекетсіздік танытып, заңнамамен белгіленген мәжбүрлеп өндіру амалдарын уақтылы қолданбайтын сот орындаушыларына қатысты да жауапкершілік күшейтілгендігін ескеру қажет,-- деді Бауыржан Мырзалиев.
Айтуынша, Прокуратура органдары тарапынан сот орындаушылардың алимент өндіру туралы атқарушылық өндірістері бойынша қабылдаған шараларының толықтығына тұрақты түрде талдау жұмыстары жүргізілуде.
2024 жылы Шымкент қаласының Жеке сот орындаушылар палатасы прокурорлардың 10 заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсынуды қараған.
Нәтижесінде 58 жеке сот орындаушы тәртіптік жауаптылыққа тартылып, прокуратура тарапынан анықталған кемшіліктерді жою нәтижесінде 418 млн. теңге алимент берешегі өндірілген.