Ұландықтар ант берді

Oinet.kz 05-08-2024 441

13.jpg 

Шымкентте 400-ге жуық ұландықтар отанына адал болуағ ант берді. Бұл туралы  ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.

Еліміздің барлық өңірлерінен келген 400-ге жуық сарбаз жас жауынгер курсынан өтіп, Отанына адал болуға салтанатты түрде ант берді және Отанның толыққанды қорғаушыларымен бір қатарға тұрды.

Осы салтанатты іс-шарамен жас ұландықтарды 6506 әскери бөлімінің командирі полковник Марат Рахманов құттықтады.

-Сарбаз мырзалар! Сіздер Отанға адал болуға әскери ант бердіңіздер.

Сіздердің әрқайсыларыңыз бұл күнді өмір бойы есте сақтайсыз деп үміттенемін және әрқашан Отанға абыроймен қызмет атқарасыздар деп ойлаймын. Сіздерді әскери ант қабылдағандарыңызбен, ал құқықтық тәртіп әскерлерін жаңа толықтырумен құттықтаймын. Сіздерге және Сіздердің отбасыларыңызға, барша халқымызға, барша мемлекетімізге табыс, денсаулық, бейбітшілік пен амандық тілеймін, - деді Марат Оралұлы.

Әскери ант - бұл мемлекетке, өз елінің халқына адал болуға ант беру. Әскери ант беру «әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және ішкі қызмет жарғысымен регламенттеледі. Бұл әскери істің жолына түсу кезінде адам кездесетін алғашқы маңызды әскери қызмет актілерінің бірі.

Әскерге шақырылушыларды осы маңызды оқиғамен құттықтауға жауынгерлердің ата-аналары, жақын туыстары мен әскери бөлімнің ардагерлері келді.

Жас сарбаздардың бірі қатардағы жауынгер Айтмаханбек Әлібай Астана қаласынан шақырылды. Ол бүгін өз қызметтестерінің алдында сөз сөйлеу құрметіне ие болды.

-Біз өзіміз қабылдаған әскери антқа адал боламыз және Шымкент қаласында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бар күшімізді саламыз. Біз алдымызға қойылған барлық міндеттерді толық көлемде орындаймыз және мемлекеттің қауіпсіздік ісіне өз үлесімізді қосамыз, - деді жас ант беруші.

Әскери бөлімнің ардагері запастағы подполковник Сұлтан Нұрымбетов әскерге шақырылушыларға өз тілектерін жолдады. Ол біздің елімізде әскери борышын орындау, отбасын, Отанын қорғау әрбір ер адамның қасиетті міндеті болғанына және болатынына сенім білдірді.

-Армия - бұл жас жігітке көп нәрсе беретін шынайы өмір мектебі. Қызмет еткен жылдар Сіздердің мінездеріңізді шыңдайтынына күмәнім жоқ, - деді Сұлтан Жанабайұлы.

Іс-шара соңында жас ұландықтар салтанатты саппен, әскери оркестрдің дауысына қадам басып, командирлері мен ата-аналарының алдында салтанатты шерумен өтті.

Ант берген әскери қызметшілер жақын арада Шымкент және Түркістан қалаларының көшелерінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша міндеттерді орындауға кірісетінін атап өткен жөн.


«VISIT SHYMKENT» --Түркістан әуежайында
Шымкентте спорттық инфрақұрылым қарқынды дамуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу