Шымкент: Абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асуда

Oinet.kz 02-08-2024 505

2.jpg 

Шымкент қаласы Еңбекші ауданында табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші 90,7% құрайды. Оның ішінде 73 пайызы мемлекеттік жүйеге, 17.7 пайызы жекеменшік жүйеге қосылған. Қамтылмаған 9,3%-ды мемлекеттік жүйемен қамту 2024-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарына енгізілген. Бұл туралы  Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында еңбекші ауданының әкімі Есілбек Досбол Күздікбайұлы баяндады.

Ал кәріз жүйесімен қамтылу жағдайы 41%-ды құрайды.

Аудан аумағында «Ұлағат» шағынауданында кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталып, Қазіргі таңда құрылыстың сапасыз атқарылуына байланысты тапсырыс беруші экономикалық тергеу департаментіне тексеру жүргізуге жүгінген.

Жұлдыз тұрғын алабындағы көпқабатты 27 үйді (175 пәтер) кәріз жүйесімен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілді. Базарқақпа т.а. Достық көшесінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйлерге (270 абонент) кәріз жүйесін жүргізу «Шабыт-21» ЖШС-і тарапынан ЖСҚ әзірленуде.

Аудан бойынша 283 көпқабатты үйлер 132 аулаға біріктірілген. 2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда. Бұл дегеніміз тұрғындар өз ұсыныстарын жасау арқылы, жергілікті бюджеттің қалыптасуына қатысады.

2024 жылы 47 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандыру және жеке секторда 18 мекен-жайда кешенді балалар ойын алаңшасын орнату жоспарлануда. Қазіргі таңда 20-нысанда балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Қалған абаттандыруды қажет ететін 36 ауланы абаттандыру 2025 жылға жоспарлануда. Қазіргі таңда аудан аумағында 56 дана ашық спорт алаңшалары орналасқан.

2024 жылы 8 ашық спорт алаңшасын орнату жоспарлануда. 2-нысанда жұмыстар басталды. 6-нысан бойынша мемлекеттік сатып алу іс-шарасы жүргізілуде. Ал Еңбекші ауданы әкімі аппараты тарапынан 2024 жылы 5 гүлзар салу жоспарлануда. Мердігер мекемелермен келісім шарттар түзіліп, жұмыстар қарқынды жүргізуде.


«Жайлы мектеп»: Шымкентте биыл 6 мектеп пайдалануға беріледі
Кәсіби медиаторлар құқықтық кеңестер берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу