Шымкент: Мақсат тұрақты әрі тиімді энергетикалық жүйе құру

Oinet.kz 21-07-2024 558

00001.jpg 

Миллионнн астам халқы бар Шымкентте электр қуатымен сапалы әрі үздіксіз қамтамасыз ету бірінші орында тұрған мәселе. Қалалық әкімдік осы бағытта бірқатар маңызды жобаларды қолға алуда.  Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қазақстандағы және Орталық Азиядағы ең ірі электр компаниясы “Alageum Electric” директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясовпен кездесті. Кездесу барысында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ондағы басты мақсат – Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін тұрақты әрі тиімді энергетикалық жүйе құру.

Жалпы, қалада халықты электр қуатымен қамту жұмыстарында қиындықтар бар. Себебі, Шымкенттегі трансформаторлардың басым бөлігі 1970 жылдары іске қосылған. Бүгінде қала өсіп, жаңа шағынаудандар мен әлеуметтік нысандар бой көтеріп жатыр. Осыған орай электр желілеріне де жүктеме артатыны белгілі. Ал ескі трансформаторлардың қуаты жеткіліксіз, әсіресе жауын-шашын кезінде тұрғындарды әбігерге салып жүр. Сондықтан тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесі бірінші орында тұр.

Қазіргі таңда “Alageum Electric” компаниясы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қала әкімдігіне қарасты 300-ден астам ескі трансформаторларды ауыстырып, күрделі жөндеу жүргізу жұмысын өз міндетіне алды. Бұдан бөлек, қаланы электр қуатымен қамтамасыз етуде негізгі артериялардың бірі саналатын «Бозарық» қосалқы стансасындағы трансформаторлар да жөндеуден өтеді.

Аталған мәселелерді ескеріп, қала әкімі кездесуде мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуында бизнестің маңызды рөл атқаратынын айтып, компания басшылығына маңызды жобаларды жүзеге асырудағы белсенді ұстанымы үшін алғысын білдірді.


Шымкент: «Таза Қазақстан» барлық аудандарда өтуде
Шымкент: Жаңа спорттық нысандар пайдалануға беріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу