«Шымкент: «Тассайда» 30 жоба жүзе асуда

Oinet.kz 17-07-2024 425

21.jpg 

 Парламент Мәжілісінің депутаты Руслан Берденов Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында тұрғындармен кездесіп, бірқатар нысандарды аралап жүр. Бұл туралыв «Шымкент келбеті» басылымы хабарлады.

 Мәжіліс депутаты алдымен “Тассай”индустриалды аймағындағы кәсіпорындардың жұмысымен танысып, жұмысшылармен әңгімелесті.

Мәжіліс депутаты медициналық бұйымдар шығаратын MARAI E7 group кәсіпорнында болды. 2017 жылы іске қосылған кәсіпорнының жұмысшыларының ұсыныстарын тыңдады. Өндіріс басшылары кездесуде шығарған өнімді сату бойынша бірқатар мәселелерін жеткізді.

Р.Берденов елімізде медициналық бұйымдар шығаратын 60-қа жуық компанияның өнімдеріне қолдау көрсету бойынша мәселелер көтеретінін айтты.

Сондай-ақ, Руслан Арысбекұлы «Азия Трафо» ЖШС кәсіпорнына барды. «Asia Trafo» – отандық «Alageum Electriс» электр машина жасау саласындағы жетекші өндіруші құрамына кіретін, Орталық Азиядағы кернеуі 110, 220, 500 кВ қуаты 500 МВА дейінгі трансформаторлық жабдықтар шығаратын ең ірі зауыт.

2019 жылы іске қосылған кәсіпорын бүгінде 200-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Зауыт өнімдеріне тек ішкі нарықта ғана емес, бүгінде шет елдерден де сұраныс бар.

Мәжіліс депутаты өндіріс орнының сынақ зертханасын, дәнекерлеу-дайындау цехын аралап көрді.

Елімізде жеңіл өнеркәсіп саласының дамуында Шымкент қаласының үлесі зор. Яғни, мегаполисте ірі экономикалық индустриалдық аймақтар орналасқан. Солардың бірі – «Тассай» индустриалды аймағы. 2016 жылы негізі қаланған өндірістік орынның аумағы 89 гектарды құрайды. Бүгінге дейін 30 инвестициялық жоба сәтті жүзеге асты.

Қазіргі таңда Шымкентте 5 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істеп тұр. Мұнда 8 мыңнан аса жұмыс орны құрылған. Алдағы уақытта өңірде өндіріс алаңдарын арттыру мақсатында жаңадан көлемі 867 гектарды құрайтын 5 өндіріс аймағы ашылып, 12 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады. Бүгінде инфрақұрылым тарту жұмыстары қолға алынып, инвестициялық жобалардың пулы жасақталды.

 


Шымкентте тағы бір гүлзар ашылды
Мәжіліс депутаты белсенді жастармен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу