Ғабит Сыздықбеков: Балалардың демалысы әрі қызықты, әрі қауіпсіз өтуі тиіс

Oinet.kz 13-07-2024 405

9.jpg 

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков салалық басқарма басшыларымен бірге қаланы жаяу аралады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Азаматтарды қабылдау барысында «Шұғыла» шағынауданы, Қазына көшесінің тұрғыны Сырға Тәжібаева жер қатынастары саласына қатысты мәселесін көтерген болатын. Жауапты мамандарға бұл өтінішті қолданыстағы заңнамаға сәйкес зерделеу тапсырылды.

Сонымен қатар, 110/10 кВ «Дендропарк» қосалқы стансасының құрылыс барысымен танысты. Станса салынып жатқан тұрғын үй кешендері мен әлеуметтік нысандарды сапалы энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Одан әрі Қаратау ауданындағы «Үш бұлақ» балалар лагеріне барды. Шаһар басшысы лагерьдің инфрақұрылымымен танысып, балалардың тамақтануы мен бос уақытын ұйымдастыруына, сондай-ақ нысанның кешенді қауіпсіздік жүйесіне баса назар аударды. Жауапты басқарма басшысына мектеп оқушыларының жазғы демалысы қауіпсіз, қызықты әрі пайдалы өту үшін тиісті барлық шара қабылдау бойынша тапсырма берді. Айта кетері, Шымкенттегі жалпы орта білім беру ұйымдарының 232 мыңнан астам оқушысын жазғы демалыспен қамту жоспарланған. Оның ішінде 9 494-і жергілікті бюджеттен 9 440-ы демеушілер есебінен және кәсіподақ тарапынан 90 бала қала сыртындағы лагерьлерде және 213 400 шәкірт мектеп жанындағы алаңдарда демалады. Мектеп алаңдарында 213 мыңға жуық бала демалыспен қамтылды. Балалар қала сыртындағы 7 лагерде атап айтқанда, Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы «Бәйшешек», «Көктөбе», «Тау шыңы» және «Арыс», «Машат - Арасан», «Гаваи» және «Тур база» лагерлерінде де ауысыммен демалуда.  Бұл бағыттағы жұмыстар 20 маусымнан бастап Түркістан облысы Сайрам ауданындағы Көлкент елдімекенінде орналасқан Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты мемлекеттік «Ақсу» лагерінде ұйымдастырылуда. Балалар үйінің 114 тәрбиеленушісі қала сыртындағы «Үшбұлақ» лагерінде демалысын жалғастыруда. Бұл шаралар оқу жылының басталуына дейін ұйымдастырылады.

Сондай-ақ  қала басшысы шетелдік инвестор “Guyi Holding Company” өкілдерімен кездесті. Компания Шымкентте электромобиль шығару бойынша ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырмақ. Жаяу аралау барысында инвесторларды «Жұлдыз» индустриялық аймағымен таныстырды. Зауыт салуға мүмкіндік бар учаскелерді бірге аралады.

Бұдан бөлек «Шымтау» жаңа тұрғын алабында болды. Халық жарық пен газ мәселесін көтеріп, асфальт төсеу және қоғамдық көлік бағытын ұзарту бойынша өтініштерін білдірді. Әңгімелесу барысында барлық мәселелер өзектілігіне қарай кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.

Әкім бастаған топ 17 шағынаудан тұрғындарының да шағымын назардан тыс қалдырмады. Көпқабатты үйлердің ауласында мердігер мекеме ойын алаңын қиратып кеткен. Тексеру барысында олардың қателескені анықталды. Енді компания жақын арада ойын алаңын өз қаражаты есебінен қалпына келтіріп, жаңа элементтермен толықтыратын болады.


Шымкент: Инвестициялық жобалардың интерактивті картасы іске қосылды
Сенатор судьялармен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу