«Нағыз қазақ домбыра»
Шымкенттің әкімі Ғабит Сыздықбеков Шымкент қаласының тұрғындарын шілденің бірінші жексенбісінде атап өтілетін Домбыра күнімен құттықтады. Биыл бұл мереке 7 шілдеге сәйкес келді.
--Бүгін қазақ халқы Ұлттық домбыра күнін атап өтеді. Барлығымыз үшін бұл ерекше мейрам . “Нағыз қазақ- қазақ емес, нағыз қазақ-домбыра”- деп бекер айтылмаса керек.
Қазақ қашанда домбыраны қадір тұтып, төрге іліп, бағалаған. Ал күйшілер құрметті қонақ болған. Біз ата-бабамыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтауымыз керек.
Домбыраның үнінде Ұлы даланың бүкіл тарихын ақтаруға болады. Көне музыкалық аспап халқымыздың жан дүниесін, салт-дәстүрін, мәдениетін танытады.
Сіздерді осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Әр шаңырақта домбыра үні үзілмесін!—делінген қала әкімінің құттықтауында.
--2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі қазақтың төл аспабы Ұлттық домбыра күні ретіне тойланып келеді. Бұл күн қазақтың киесі мен қасиетті қазынасына баланған, ұлы даланың сан ғасырлық тарихынан сыр шертетін шертпелі аспабымыздың құндылығын дәріптейтін мереке.
Ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде қоғамды одан әрі топтастыру мақсатындағы мереке. Жыл сайын атап өтілетін Домбыра күннің ұлттық руханиятымызға қосар үлесі салмақты болмақ.
«Бұл рухани жаңғыру жолының негізгі арқауы. Бүгінде ұлттық аспабымыз күллі әлем мойындаған мәдени құндылыққа айналды. Бұл қазақтың қасиетті қара домбырасына берілген әділ баға. «Өнер ұлт келбеті« дейді дана халқымыз. Баршамызға ортақ құндылық домбыраны жан-жақты насихаттап, жас ұрпақтың санасына сіңіру өте маңызды. Домбыра аспабы қайталанбас асыл дүние», - деді Мемлекет басшысы.
Құрметті шымкенттіктер, рухымызды көтеріп, мерейімізді өсірген асыл мұрамызға, ұлттық символымызға айналған ұлттық домбыра күнімен құттықтаймыз! ретіне тойланып келеді. Бұл күн қазақтың киесі мен қасиетті қазынасына баланған, ұлы даланың сан ғасырлық тарихынан сыр шертетін шертпелі аспабымыздың құндылығын дәріптейтін мереке.
Ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде қоғамды одан әрі топтастыру мақсатындағы мереке. Жыл сайын атап өтілетін Домбыра күннің ұлттық руханиятымызға қосар үлесі салмақты болмақ.
«Бұл рухани жаңғыру жолының негізгі арқауы. Бүгінде ұлттық аспабымыз күллі әлем мойындаған мәдени құндылыққа айналды.
Бұл қазақтың қасиетті қара домбырасына берілген әділ баға. «Өнер ұлт келбеті« дейді дана халқымыз. Баршамызға ортақ құндылық домбыраны жан-жақты насихаттап, жас ұрпақтың санасына сіңіру өте маңызды. Домбыра аспабы қайталанбас асыл дүние», - деді Мемлекет басшысы.
Құрметті шымкенттіктер, рухымызды көтеріп, мерейімізді өсірген асыл мұрамызға, ұлттық символымызға айналған ұлттық домбыра күнімен құттықтаймыз!-делінген Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің таратқан мәліметінде.