Шымкент: Құрылыс материалдарын сататын базарлар көшірілуде

Oinet.kz 06-07-2024 320

2.png 

Шымкенттің әкімі Ғабит Сыздықбековтың тапсырмасы бойынша мегаполисте құрылыс заттары сатылатын базарларды сыртқа көшіру жұмыстары басталды.

 Қала әкімі осыған байланысты  жауапты қызметкерлерге атқарылатын жұмыстарды жеделдетуді, кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді  жүктеген болатын.  

Қазір орталықта орналасқан көктас шеберханалары және металл сынықтарын қабылдау орындарын қала сыртына көшіру жұмысы жүріп жатыр. Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы Әл-Фараби, Қаратау және Тұран аудандарына орналасқан көктас шеберханаларын, сынық металл қабылдау орындарын, брусчатка жасау цехтарын сыртқа көшіру бойынша түсіндірме жұмыстарын бастады. Басқарма тарапынан ұсынылған Алтынтөбе ш/а орналасқан “Шымкент” (77га), Бозарық ш/а орналасқан “Солтүстік-1” (2,8га) және “Солтүстік-2” (2,6га) құрылыс материалдарын сатуға, өңдеуге арналған индустриалды аймақтары құрылған. Кәсіпкерлерге аталған аймақтардан заң шеңберінде жер телімін алу жолдары түсіндіріліп жатыр.

Айта кетері, кәсіпкерлерге ұсынылған Бадам бағыты бойындағы 77 га жер телімінде құрылыс жұмыстары жүргізілген болатын. Осы орайда, жуырда қалалық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының ұйымдастыруымен Біржан Әзімбердиев, аталған аумақта қала әкімінің кеңесшісі Бұқарбай Парманов, Абай ауданының әкімі Шәкір Сұлтанхан бастаған Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының және Көліктік бақылау инспекциясының мамандары түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында қаланың бес нүктесінде құрылыс материалдары сатылатын арнайы орындар ұйымдастырылуда. Олар, Алтынтөбе, Бозарық, Құрсай, Бадам және Қызылсай шағын аудандарында орналасқан.

Аталған жұмыс нәтижесінде, қазір қала аумағында заңсыз орналасқан құм, шағал тас, ағаш секілді құрылыс материалдары саудаланатын базарлар қала сыртына көшірілуде.


Шымкент: Әкім қабылдауында 100-ден аса тұрғынның талап-тілегі тыңдалды
Шымкент: Әкім мердігерлерден сапа мен жауапкершілік талап етті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу