Шымкент: Әкім қабылдауында 100-ден аса тұрғынның талап-тілегі тыңдалды

Oinet.kz 05-07-2024 315

1.jpg 

     Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында:

-- Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады. Сондықтан азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ, аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет,--деген болатын.

Сондай-ақ, Президент:

--«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мем­лекет» құру тұжырымдамасы. Азамат­тардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс жә­не әділ шешім шығару қажет,-деп тапсырған болатын.

Аталған тұжырымдаманың негізінде бүгінде басшылар азаматтарды қабылап, олардың талап-тілегін тыңдауды жүйелі түрде жүзеге асыруда. Жуырда Шымкент қаласы әкімдігінде кезекті рет азаматтарды бірыңғай қабылдау өтті. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков және орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары тұрғындардың баспана, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік сала және жер мәселелеріне қатысты арыз-шағымдарын қарастырды. Жауаптылар барлық өтініштер бойынша егжей-тегжейлі түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кезекті қабылдауда 100-ден аса тұрғынның арыз-шағымы пысықталып, тиісті шешімдер қабылданды. Мұндай шаралар мәселелерді оңтайлы шешуге ғана емес, сонымен қатар халықтың ең күрделі проблемаларын анықтауға да мүмкіндік береді. Белгілі бір уақытты қажет ететін сұрақтар қала басшысының жеке бақылауына алынды. Ғ.Сыздықбеков жауаптыларға азаматтармен кері байланысты күшейтіп, бірқатар тапсырмалар берді.

Айта кетері, қабылдауға әкімнің әр салаға жетекшілік ететін орынбасарлары, аудан әкімдіктері және басқарма басшылары да қатысып,  азаматтардың талап-тілегін тыңдады. Арыз-шағымдағы мәселелерді  заң аясында шешу жолдарын талқылады.

Осы орайда, қала әкімінің орынбасары Айдын Мейрамбекұлы әлеуметтік салаға қатысты өтініш айтып келген азаматтарды қабылдады. Тұрғындар әкім орынбасарына мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру жөніндегі мәселесін жеткізді.

Сонымен қатар, Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау  басқармасының басшысы Жанат Өтебаева қоғамдық қабылдауға келген тұрғындардың әлеуметтік бағыттағы шағым мен ұсыныстарын тыңдап, заң шеңберінде кеңес пен бағдар берді. Азаматтар негізінен қайтарымсыз грант пен мемлекеттік бағдарлама аясында жұмысқа орналасу жөніндегі өтінішін жеткізді.


Шымкент: Әкім жол жөндеу жұмыстарын бақылады
Шымкент: Құрылыс материалдарын сататын базарлар көшірілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу