Шымкент: Абай ауданы ауыз сумен 100 пайыз қамтылған
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында Өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында бес жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырғаны белгілі.
Соңғы жылдары Шымкент қаласының Абай ауданында ауыз суға қатысты бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылды. Нәтижесінде аудандағы халықты ауыз сумен, жалпы инфрақұрылыммен қамту көрсеткіші жақсарған. Бұл туралы Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.
Абай ауданы аумағында жалпы 27 елді мекенде 55 159 жеке сектордағы үй, 205 көп қабатты тұрғын үйлер орналасқан. Бүгінде аудан бойынша жалпы 257,7 мың халық орналасқан. Ауданда 1274 көше мен 230 әлеуметтік нысандар бар. Ауданында сапалы ауыз су және электр жарығымен 100% қамтылған.
Қазіргі таңда Асар-2 шағын ауданында электр жарығымен қамту бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың 2 тоқсанында аяқталды деп күтілуде.
Ауданда 23 елді мекені табиғи газбен қамтылған яғни көрсеткіш 85,2 пайзға жетіп отыр.
27 елді мекеннің 7 елді мекені кәріз жүйесімен қамтылған.
2023 жылы 5 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде:
Достық шағын ауданының ішкі жүйелерінің құрылыс жұмыстары аяқталған. Асар-2 шағын ауданыныда құрылыс жұмыстары басталып, сот шешіміне сәйкес тоқталған. Бозарық шағын ауданындағы 74 га көп қабатты тұрғын үйлер аумағына кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталған. Ұзындығы 7,3 шақырымды құрайтын Шымсити-Төлеметов колектор құрылысы жүргізілуде. Ол 2024 жылға өтпелі.
20,5 шақырымды құрайтын Тұран-А-2 тас жолы колекторының құрылыс жұмыстары да басталған.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы жарықтандырылған көшелердің үлесін арттыру мақсатында 86 көшеге бюджеттік өтінім беріліп, 500 миллион қаржы қаралды. 2022 жылға дейін Абай ауданындағы 29 көше жарықтандырылып, жарықтандырылған көшелер саны 193-қа жетсе, бүгінде қамту көрсеткіші 15,3 пайызды құрап отыр.
Көрсеткішті арттыру мақсатында 2023 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудандағы 13 көшеге жарықшам орнату жұмыстары жүргізілді. Қамту көрсетікші 15,1 пайызға жетті.
Сонымен бірге, тұрғындардың өз есебінен жарық шамдар орнатып, 17 көше жарық жүйесіне қосылды.