Шымкент: Тазалау жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде

Oinet.kz 09-05-2024 461

 13.jpg

Шымкентте көшелер, тротуарлар мен арықтарды тазалау кесте бойынша жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қалада жалпы ұзындығы 891 шақырым 443 магистраль көшені санитарлық тазалауға, абаттандыруға және күтіп ұстауға 5 мердігер ұйым жұмылдырылған. Күн сайын мегаполис көшелерін тазартуға 2500 жұмысшы шығады, 150 арнайы техника жұмылдырылады.

50 адамнан құралған бригадалар қоғамдық орындар мен автобус аялдамаларында, сондай-ақ саябақтар мен скверлерде тазалық шараларын жүргізеді. Күн сайын тротуарлар, суару жүйелері, қала көшелері мен қоғамдық алаңдар тазалануда. Қала көшелерін механикалық тазарту жұмыстары да кестемен атқарылады.

Магистраль көшелер маңыздылығына қарай үш санат (I санаттағы көшелер – 67 көше, II санаттағы көшелер – 157 көше, III санаттағы көшелер-219 көше) бойынша жиналады . Сондай-ақ жасыл желектер 21 ұңғыма арқылы суырылып,  20 мың шаршы метр жерге көгал егілді.

Осы жерде айта кетері, елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының  бесінші аптасы өтуде. Осы уақыт аралығында акция "Таза өлке", "Киелі мекен", «Жасыл аймақ", "Өнегелі ұрпақ" экологиялық апталарға бөлінген болатын. Әр апталық барысында қала тұрғындары, қоғам белсенділері, мекеме қызметкерлері бекітіліп берілген аумақтарды тазартты. Тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағы абаттандырылды. Көшет отырғызу, ағаштарды әктеу шаралары қолға алынды. Ардагерлер үйінің ауласы мен қарттар үйінің аумақтарын тазартылып, абаттандырылды.

Енді бесінші «Мөлдір бұлақ» апталығы бойынша өзендер мен көлдердің маңайы, жағалауы, су арналары қоқыстардан тазартылуда.

Жалпы, акцияның басты мақсаты – қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау қағидаттарын қалыптастыру.


Отан қорғау—қаһармандықтың үлгісі
Ғабит Сыздықбеков: Жеңістің құндылығын ешқашан ұмытпаймыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу