Отан қорғау—қаһармандықтың үлгісі

Oinet.kz 08-05-2024 488

12.jpg 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

--Туған жердің аумақтық тұтастығын сақтау – қастерлі борыш. Батыр бабаларымыз ғасырлар бойы жерінің шетін жауға бастырмай, бізге мирас етті. Осы ұлы мұраны көздің қарашығындай сақтау – басты міндетіміз. Біртұтас әрі қуатты мемлекетті ұрпаққа табыстау – негізгі мақсатымыз. Ел іші тыныш, қоғам тұрақты болса, жасампаз әрі өркениетті мемлекетке айналамыз. Яғни, дамыған ел боламыз десек, ең алдымен, бейбітшілік және тыныштық керек. Қарулы Күштеріміз осы қастерлі құндылықтарды қорғауға тиіс. «Жау жоқ деме, жар астында» деген сөз бар. Қазіргі күрделі кезеңде Армияның рөлі күшейе түсті. Армия егемендігімізді қорғауға әрдайым дайын болуы қажет. Оның кәсіби дайындығы, заманауи қару-жарақпен, озық технологиямен жабдықталуы басты факторға айналды. Әскердің білікті болуы және ұтқырлығы ұрыс нәтижесіне тікелей әсер етеді. Армия осы талапқа сай болса, өз міндетін ойдағыдай атқарады,--деп атап өткен болатын.

7 мамыр-- Отан қорғаушылар күніне орай Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков ҚР Қорғаныс министрлігінің 35748 әскери бөліміне барды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мегаполис басшысы оқу корпустарын, сарбаздар казармасын және басқа да инфрақұрылым нысандарын аралады. Ол сондай-ақ әскери бөлімнің жауынгерлік техникасымен, қару-жарақ қорымен және оқу-материалдық базасымен танысты.

Гарнизонның жеке құрамын мерекемен құттықтаған қала әкімі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарындағы қызметтің мақтаныш қана емес, зор жауапкершілік артатынын, ал Отан қорғаушылар әрқашан батылдықтың, ерліктің қаһармандықтың үлгісі екенін атап өтті.

Сондай-ақ бірқатар әскери қызметшілерге алғыс хаттар табыстап, Қарулы Күш ардагерлерімен бірге мерекелік концертке қатысты.

Бүгінде механикаландырылған бригада "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығында ғана емес, Құрлық әскерлерінде де ірі әскери бөлім болып табылады. Мұнда жеке құрам үшін барлық жағдайлар жасалған. Жеке құрамның дайындық деңгейі және техникалық жарақтандыру тұрғысынан бригада ең үлгілісі болып саналады.


Ұландықтар Отан қорғаушылар күнін атап өтті
Шымкент: Тазалау жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу