«Таза Қазақстан»: Ағаш отырғызу челленджі жалғасуда

Oinet.kz 07-05-2024 514

7.jpg 

«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Түлектердің ағаш отырғызу» челленджінің басталғанына біраз уақыт болды. Жалпы, мектеп бітірушілердің білім ұясынан қоштасар кезде ағаш отырғызуы дәстүрге айналған болатын. Биыл да осы дәстүр Шымкент қаласының көптеген мектептерінде жалғасын тапты. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Солардың бірі Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектебінде ағаш отырғызу рәсімі өтті. Мектеп бітірушілер 30 - ға жуық желек отырғызды

Мектеп бітірушілер «Тазалық акциясына жылда белсенді қатысып, білім алып жатқан мектебімізді таза ұстауға дағдыланғанбыз. Биылғы «Таза Қазақстан» экоакциясы басталғалы түрлі атаулы апталардың бәріне бір кісідей қатысып, тазалық жұмысына үлесімізді қостық»-дейді.

Бүгінгі өткен тазалық апталығында да «Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ қызметкерлері мен «Жер елшілері» тобы және №36 ЖОББМ мұғалімдері мен мектеп бітіруші түлектері өздерінің білім ұясының ауласы тазаланып, әктеу, сырлау және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

«Бізді мектеп әрқашан бірінші сыныптан бастап тәртіпті, қоршаған ортаны қорғауды және табиғатқа дұрыс көзқарасты үйретті. Сондықтан біз экологиялық акциялара жиі қатысамыз. Біздіңше барлық адамдар, жасына қарамастан, адамгершілік нормаларын, тазалыққа, айнала қоршаған ортаға құрметпен қарағандары жөн, сонда табиғат та бізге жағымды болады», – дейді мектеп бітірушілер.

Елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының  бесінші аптасы өтуде. Осы уақыт аралығында акция "Таза өлке", "Киелі мекен", «Жасыл аймақ", "Өнегелі ұрпақ" экологиялық апталарға бөлінген болатын. Әр апталық барысында қала тұрғындары, қоғам белсенділері, мекеме қызметкерлері бекітіліп берілген аумақтарды тазартты. Тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағы абаттандырылды. Көшет отырғызу, ағаштарды әктеу шаралары қолға алынды. Ардагерлер үйінің ауласы мен қарттар үйінің аумақтарын тазартылып, абаттандырылды.


Шымкент: «Мөлдір бұлақ» апталығы басталды
Шымкент: Ардагерлер ардақталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу