Жедел кеңесте кодекске енгізілген өзгерістер түсіндірілді

Oinet.kz 04-05-2024 531

4.jpg 

Шымкент қаласы полиция департаменті және Шымкент қалалық прокуратурасымен ҚР БП ҚСжАЕК Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкерлерінің, полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің, тергеушілермен анықтаушылардың және олардың басшыларының қатысуымен жедел кеңес ұйымдастырылды. Бұл туралы Шымкент қаласының Полиция департаменті хабарлады.

Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.

Аталған өзгерістер Қылмыстық және Қылмыстық процестік кодекстерінде көрініс тапты. Жеке құрам қызмкеткерлеріне ензігілген өзгерістер толықтай түсіндіріліп, тәжірибеде қолданылуы пысықталды. Өзектілерін атап өтсек, ол кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша татуласуға жол бермеуі. Сонымен қатар, «кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстар» деген жаңа ұғымның пайда болуы және сәйкесінше жаңа баптардың енгізілуі жеткізілді.

Сондайақ, Шымкент қаласының полиция департаменті Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыру аясында, мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен білім ордаларында есірткіні қолдану мен нашақорлықтың алдын алу бағытында түрлі профилактикалық жұмыстар жүргізіп келеді.

Полицейлер еліміздің болашағы жастардың қолында екенін айта отырып, болашаққа сеніммен қадам басу үшін денсаулықтың қажет екенін, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіпті екенін ескертуде.

Осы мақсаттағы кезекті іс-шара «Болашақ» колледжінде жалғасын тапты. Мамандар студенттік жастарға толыққанды ақпарат беріп, жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында пайдалы істермен айналысуға шақырды.

Беріліп отырған ақпаратты барынша жеткізу мақсатында, полицейлер қызметтік іздестіру иттерін ортаға алып келіп, олардың мүмкіндіктерін көрсетті. Төрт аяқты достардың көмегімен анықталып жатқан қылмыстардан оқиғаларын айтып, олардың адам көзінен жасырылған есірткілерді иіс сезу арқылы тез табу қабілеттерінің ерекшеліктерін түсіндірді және оны іс жүзінде арнайы ұйымдастырылған қойылымда көрсете білді.

 


Шымкент: Олимпиада жолдамалары саны 11-ге жетті
Сыздықбековтің қабылдауында 200 азаматтың талап-тілегі тыңдалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу