«Өнегелі ұрпақ»: Қарияларға қамқорлық жасалды

Oinet.kz 30-04-2024 540

 22.jpg

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өтіп жатқан "Таза Қазақстан" акциясы жаппай еліміз бойынша іске асырылуда. Төртінші апта "Өнегелі ұрпақ" апталығы деген атаумен жалғасып жатыр.

Шымкентте де осы апта барысында соғыс және тыл ардагерлерінің, жағызілікті қарттардың шаңырағына барып, тазалық жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласының коммуникациялар қызметі хабарлады.

 Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының қызметкерлері Еңбекші ауданы А.Мамедов 25 үйдің тұрғыны тыл ардагері Вакуленко Антонина Ивановна және Безделев көшесі 4 үй тұрғыны Ротина Вера Ивановнаның үйінде болып, аулаларын тазалап, ретке келтіріп берді.

Соғыс жылдары тылда еңбек еткен қос қария қазір жүріп-тұрулары қиындап, үйінің шаруашылығын игере алмайтыны рас. Сондықтан, Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы бұл азаматшалармен байланыс орнатып, қолқабыстарын тигізіп тұрады.

Бүгін де апталық барысында қариялардың үйінің аумағында тазалық жұмыстарын ұйымдастырып, көмектесті.

Өз кезегінде қариялар ризашылықтарын білдіріп, жақсылық жасаған жастарға алғыс айтты.

Шымкентте «Өнегелі ұрпақ» апталығы барысында апталыққа қатысты түрлі тақырыпта іс шаралар ұйымдастырылуда.

"Өнегелі ұрпақ" апталығы аясында Шымкентте қариялар мен ардагерлердің үйлеріне барып тазалау, шөптерді ору, қоқыстарды шығару, ағаштарды әктеу және т.б. жұмыстар әрі қарай жүргізіліп, қарияларға құрмет жұмыстары жалғасуда. Мәселен мегаполисте «Өнегелі ұрпақ» апталығында «Қазыналы қария – ақылы теңіз дария» атауымен іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында тазалау жұмыстарын жүргізу, демеушілердің есебінен қайырымдылық көмектер көрсету жұмыстары атқарылда. Аталған іс-шараға қала жастарымен бірге қалалық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер және басқа да жанашыр азаматтар қатысты.

 

 

 


«Өткенге құрмет—бүгінге міндет»
Шымкент: Кәсіподақ қызметін реттеу мәселелері талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу