«Өнегелі ұрпақ»: Апталық аясында флешмоб ұйымдастырылды
Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығы ерекше өтуде. Үлкен де, кіші де, қайраткер де барлығы тазалық акциясына белсінді қатысуда. Тазалық жұмысы тек тазалықпен шетелмей, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, апталықты айшықтай түсті. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
«Өнегелі ұрпақ» акциясы аясында Шымкент қаласының белсенді жастары, оқу орындарының ұйымдары мен жоғарғы оқу орындары және техникалық және кәсіптік орта білім беру мекемелерінің жастары тазалық акциясын насихаттай отыра, Арбат демалыс аймағында 300-ге жуық жастың қатысуымен «Өз елін сүйетін өнегелі ұрпақ» тақырыбында флешмоб ұйымдастарды.
- Баршамызға белгілі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» акциясы бастау алған болатын. Қазіргі таңда абаттандыру мен сенбілік жұмыстарына қаламыздың жастары белсене қатысуда. Бұл апталықтың атауы – «Өнегелі ұрпақ». Осы орайда, жастар ардагерлер үйі, қарттар үйілеріне арнайы барып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Өнегелі ұрпақ – ұлт болашағы!», - дейді М.Әуезов атындағы ғылыми зерттеу университетінің белсенді жасы Нұраят Зият.
- «Біз – жастар, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» акциясын толық қолдай отырып, еліміздің дамуы мен көркеюі үшін барлық күш-жігерімізді жұмсап, ел жолында аянбай еңбек етуге уәде береміз», - деді қала жастары.
Сондай-ақ, «Өнегелі ұрпақ» апталығы барысында «Достық мекенінің тұрғындары» атты көпұлтты өкілдер тұратын көше тұрғындары тазалық жұмыстарын жүргізді. Тазалық жұмыстарына 600 ге жуық тұрғын қатысты.
Іс-шараға Абай ауданындағы ауыл биі - А.Өмірзахова, қалалық Әл-Фараби ауданының ауыл биі, Қоғамдық кеңестің мүшесі – Т.Исламов, Еңбекші ауданы Қаратөте тұрғын алабының ауыл биі, қоғам белсендісі – М.Ибичев, Қаратау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы – П.Есенбеков, Тұран ауданының бас имамы – Б.Құрбанбаев және т.б. белгілі азаматтар да тазалық жұмыстарынан табылды.
- Бүгін қаладағы барлық аудандарда осындай тамаша іс-шаралар өтіп жатыр. Мұндай іс-шаралар барлығымызды ортақ іске жұмылдырып, бірлігімізді нығайтуда. Сонымен бірге қаламыздың көркеюіне, оның тазалығына көп септігін тигізуде. Сондықтан алдағы уақытта да осындай іс-шараларға атсалысып, үлес қосатын боламыз», - дейді Әл-Фараби ауданының ауыл биі Тойчибай Исламов.