Ақпараттық керуен іске кірісті

Oinet.kz 16-04-2024 855

28.jpeg 

Шымкентте халықты мемлекеттік қолдау жобасы жайында құлағдар ету үшін ақпараттық керуен шағынаудандарды аралап, тұрғындарға түсіндірме жұмысын жүргізді. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникация қызметі хабарлады.

Арнайы топтың құрамында қалалық Әл-Фараби ауданы мансап орталықтарының өкілдері бар. Бүгін мамандар Қырғы базар мен Төле би даңғылы және Орталық мешіт маңында болып, тұрғындарға жоба жайында мәлімет берді.

Қазір елімізде еңбек ұтқырлығын арттыру үшін тұжырымдама шеңберінде оңтүстік халқын ерікті түрде Солтүстік өңірлерге қоныстандыру саясаты жүзеге асып жатыр. Мамандар тұрғындарға бағдарлама мен мемлекеттен берілетін көмек жайында мәлімет берді.

Биыл Әл-Фараби ауданында аталған жоба бойынша бойынша 63 отбасыны (250 адам) Солтүстік өңірлерге ерікті түрде қоныстандыру жоспарланып отыр. Ал жастар практикасымен 711 азаматты жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, Жастар практикасы жобасымен диплом алатын жастарды жұмысқа тарту бойынша түсіндіру жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Енді оқу орнын тәмамдаған жас түлек үшін бұл бағдарламаның маңызы орасан. Арнайы топ өкілдері жастар қауымына жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламасы жайында түсіндіріп, ақпараттық парақшалар таратты.

Айта кетері, елімізде бірнеше жылдан бері жүзеге асып келе жатқан «Еңбек» бағдарламасының мақсаты – халқы тығыз орналасқан оңтүстік облыстардың тұрғындарын жұмыс күші жетіспейтін солтүстік өңірлерге қоныстандыру. Қоныс аударған еңбекке қабілетті тұрғындардың басым бөлігі тұрақты жұмыспен қамтылса, қалғандары жеке кәсіптерін ашқан. Өз кәсібін ашамын деушілерге егін, мал шаруашылығымен шұғылдануға жер телімдері, бос тұрған ғимараттар ұсынылады. Баспана бойынша көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, көшіп-қонуға байланысты мемлекет тарапынан қаржылай көмек беріледі.


Шымкент: Апат аймағына 200 техника жіберілді
Шымкент: Бос жұмыс орындары денсаулық, білім салаларында көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу