Қазақ тіліндегі сирек қолданылатын мақал-мәтелдер
Қазақ тіліндегі сирек қолданылатын мақал-мәтелдер:
***
Тапқан қуанады, таныған алады.
***
Жалғызда мейірім жоқ.
***
Семіз қойдың ғұмыры қысқа.
***
Күшті қауіпті емес, кешкіл қауіпті.
***
Көп құмырсқа жабылса, түйені де өлтірер.
***
Қисық отырсаң да, түзу сөйле.
***
Түйір нан - тамшы тер.
***
Таста тамыр жоқ,
Төреде бауыр жоқ.
***
Адам құлақтан азады, көңілден семіреді.
***
Біз де кісі болармыз, атқа кісен салармыз.
***
Жерінен ауғанға жеті жыл қоныс жоқ.
***
Баланы ақырып үйретпе, ақырын үйрет.
***
Ластың досы - шыбын.
***
Сау төрде, ауру көрде.
***
Қашқан да «Құдай» дейді, қуған да «Құдай» дейді.
***
Алты қойы артық болса, інісі ағасына сәлем бермес.
***
Мақтаншақ өз дамбалын былғайды