Әйелімнің қарсы болғанына қарамай, тоқалыммен таныстырып ем, әйелім мойныма асыла кетті

Oinet.kz 03-02-2023 6693

Осыдан он бес жыл бұрын тоқал алмақшы болып қатты ойландым да тәуекел деп қатыныма айтуға оқталдым. Ол кезде Алматыға алты ай болған келгенімізге, бес баламен квартирада көшіп қонып жүрген кезіміз. Тоқалды не үшін аласың деп ойлаған шығарсыздар, жағдайымды түзетуге. 

Screenshot_2.jpg

Кезінде бір сахабамыздың да жағдайы болмаған екен, сонда ақылшысынан ақыл сұрағанда тағы бір тоқал ал депті. Сөйтіп әйел санын үшке жеткізіп жағдайы онан сайын төмендегенде ақылшысына барып енді нестеймін жағдайым түзелер емес деген екен. Тағы да тоқал ал депті. Ақырында соңғы алған тоқалы тігінші болып барлық жағдайы жақсарып төрт әйеліменде тату тәтті өмір сүрген екен. Мен де тәуекел еттім. Көптен ойлап армандап жүргенім бар еді бірақ қатыныма айтсам келіспес сонда да амал жоқ жағдайыды түзеу керек болды. Кешке жұмыстан келіп оңаша сөйлескенді жөн көрдім. 

- Жаным, сөйлесу керек еді. 

- Айта бер,- деді таңырқай. 

Кішкене үнсіз тұрып қалай бастаудың жөнін білмей, қипақтап қалдым. Оңай емес он бір жыл отасқан қатыныңа тоқал алам деп айтқаннан гөрі онан да басымды босат деген сөз жеңілдеу сияқты. 

- Айтсайш енді, не болды тыныштық па?- деді, шыдамсыздана. 

- Жаным, сені орта жолда тастағым келмейді жағдайымыз болса мынау бес баламен квартирада көшіп қонып. Қазақ байыса қатын алады, өзбек байыса үй салады. Байлығым балаларым . Тоқал алсам деп едім. 

- Немене, тоқал? Өз басың зорға жүрсің,- деп күлді, сенбей. 

- Рас айтам, солай шештім. Келісіміңді берсең де, бермесең де алу керек боп тұр. Өзі 87 жылғы, бұрын бір рет тұрмыста болған,- деп кесіп бірақ айттым. 

Өңі қашып, түсі сұрлана бастады. Көзінен тамшылап жас та шықты. 

- Он бір жыл отасып меннен не жамандық көрдің, ұл десең ұл, қыз десең қыз туып бердім, сенікі сатқындық. Онан да ертең барып заң бойынша ажырасайық, сосын қайда кетсең онда кет, бірақ ескертіп қойайын балаларыңның тырнағына зар қыламын,- деп айқай салды - Ол қайда, мені жолықтыр, көрейін. Менен жақсысын тапқаныңды,- деді. Маған да керегі сол еді : 

- Тек сабыр сақташы, қазір он минутта таныстырам, әлі ақ достасып тату тәтті тұратындарыңа сенімім мол,- деп күлдім де , - Тек сабыр , сабыр, кәз келем деп екі үйден кейін тастап, дайындап кеткен тоқалыма жүгіре жөнелдім. Барып тоқалыма да тамсанып " қазір ақ достасып кетесің" дедім де Голф машинамды оталдырып, есік алдына келдім. Үйге кіріп қатыныма : - Сеннен қорқып тұр , сыртқа шығып таныспасаң болмас, ең болмаса түрін көрші, - деп өтіндім. Бағанағы жастан көзі қызарып, ісік шалған бетін қол жуғышқа бір рет шайып, сыртқа беттеді. Жарықпен сырттағы машинаны көріп, машинасы бар тоқал екен деп таңырқай қарап тұрды да , - Қайда? ,- деді. 

- Осы тоқалым, енді жұмыстан соң такси болып ақша тауып, жағдайымызды түземесек болмас, кешіріміне Аляньстан 250 000 теңге алып бердім. Осыған енді бәріміз жабылып мінеміз дедім. 

- Несін алдайсың, бірден айта салсаң да болатын еді ғой, адамды сонша қорқытып, - деп, бәйбішем мойныма асыла кетті.... 

Арада тағы он бес жыл өтті, содан бері екі тоқал алдым, үшіншісін тағы алу керек болып тұр. Тек әттең қалың малы да қымбаттап кеткен... 

Айтқандай бәйбішемем мен тоқалым, мен бала шағам тату тәтті өмір сүріп жатырмыз. Хадиджама ризамын!

Желіден алынды

Аборт жасатпақ болған жалғыз ұлды аман алып қалған құрбы
Еден жуушы карантиннің арқасында өзін қорлағандардан кегін алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу