«Ұнаса да, ұнамаса да жүзеге асады» – Депутат риэлторлардың табысын шектеу керектігін айтты

Oinet.kz 18-03-2026

Риэлторлар қызметінің ашық еместігін мәселе ретінде көтерген Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов бұл саланы толық бақылауға алуды ұсынды.

image.png

Депутаттың айтуынша, қазіргі таңда риэлторлардың жұмысы қоғам тарапынан жиі сынға ұшырайды. Ол мұны қызметтің ашық еместігімен және нақты ережелердің жоқтығымен байланыстырады.

– Шынымды айтсам, риэлторлардың жағдайын қолдауға бағытталған қандай да бір әрекетті қолдамаймын. Халық риэлторларға ренжіп отыр. Себебі олардың жұмысы ашық емес, келісімшарттары түсініксіз, әрі көп жағдайда екі тараппен бірдей келісім жасайды, – деді Мұрат Әбенов.

Осыған байланысты депутат риэлторлар қызметін толық бақылауға алып, табысын шектеу қажет деп есептейді.

– Сондықтан бұл саланы толық бақылауға алып, табысын азайтып, шектеу дұрыс деп санаймын. Біз бұл бағытта тиісті шараларды қабылдаймыз. Бұл риэлторларға ұнаса да, ұнамаса да жүзеге асырылады, – деп мәлімдеді ол.

Депутат Бақытжан Базарбек шенеуніктерге әр жұма сайын демалыс беруді ұсынды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу