Депутат Бақытжан Базарбек шенеуніктерге әр жұма сайын демалыс беруді ұсынды
Халық қалаулысы Бақытжан Базарбек әр жұма күнінде мемлекеттік қызметкерлерге демалыс беріп, кітап оқуға уақыт беруді ұсынды, деп жазады Оinet.kz.

- Өкінішке қарай, біз кітап оқитын ұлт емес, әлеуметтік желіні қолданатын ұлтқа айналып бара жатырмыз. Жеке ұсынысым, болашақта жұма күнін ағарту күні деп тағайындау. Ол жерде ешқандай құжаттама, тапсырма, мемлекеттік қызмет болмауы керек. Мемлекеттік қызметкерлерді босатып, ол кітапханаға барып, күнделікті санасын жоғарылатсын. Макиавели мен Абайды оқыған мемлекеттік қызметші халықпен дұрыс жұмыс істей алады, – дейді Мәжіліс депутаты.


