«Аванспен» берген шығар. Ринат Зайытов марапат алғаны үшін ұялғанын айтты

Oinet.kz 18-03-2026

Күні кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және заң мен тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттаған болатын. Олардың қатарында Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов та бар, деп жазады Оinet.kz. 

image.png

Алайда Зайытов өзіне берілген мемлекеттік марапаттың нақты қандай еңбегі үшін табысталғанын білмейтінін айтты. 

— Білмеймін. Өзім де кеше ойландым. Аванспен берген шығар деп ойладым. Болашақта мәдениет саласына үлес қосады деп сенген болуы мүмкін. Егер бірдеңе үшін берсе, демек әрекет жасауым керек. Өзіме 4-5 мақсат қойдым. Соның біреуі орындалған күні бұл марапатты мақтанышпен тағамын, — деді депутат.

Ол әзірге өзін бұл марапатқа лайық деп санамайтынын да жасырмады.

— Марапат алғаныма сәл ұялып тұрмын. Мәдениет қайраткері атағына менен де лайық адамдар көп. Тізім ұзақ, — деді Ринат Зайытов.

Референдум күні журналистерді полиция екі сағат бойы ұстап отырған
Депутат Бақытжан Базарбек шенеуніктерге әр жұма сайын демалыс беруді ұсынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу