Су қоймаларын сатып жіберген кім?

Oinet.kz 18-04-2024 249

Су тасқынынан кейін құзырлы органдар осы салаға бөлінген қаражаттарды тексеруге кірісті. Қаржылық мониторинг агенттігі еліміздің үш облысында су тасқыны кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс болатын селден қорғайтын бөгеттер мен су қоймаларын салу және тиісті жөндеу, өзен арналарын кеңейту жұмыстарын жүргізуі тиіс мердігерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Мәселен, Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Қазселденқорғау» мекемесімен келісімшартқа отырған мердігер ұйымның директоры бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша күдіктенуде. Серіктестік Алматы қаласы «Ақсай өзенінің бассейнінде селді ұстайтын бөгет салу» жобасын іске асырған.

Мекеменің жауапты тұлғалары алдын ала сөз байласу арқылы, аса ірі көлемде, бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктенуді. Залал сомасы алдын-ала есеп бойынша 775 млн теңгеден асады. Сондай-ақ, ауыр зардаптарға әкеп соққан міндеттерге немқұрайлы қарау фактісі бойынша Ақтөбе облысындағы «Магаджан» бөгетін (су қоймасын) сенімгерлік басқаруға алған серіктестік басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Анықталғандай, 2014 жылы бұл бөгет балық шаруашылығын жүргізу мақсатында жеке компанияға сенімгерлік басқаруға берілген. Алайда серіктестік тарапынан, бөгетті күтіп ұстау және қызмет көрсету бойынша өз міндеттері тиісінше орындалмаған.  Мәселен, ағымдағы жылдың 5 сәуірінде Ақтөбе облысының Хромтау ауданында орналасқан "Магаджан" бөгеті (су қоймасы) бұзылды. Су тасқыны нәтижесінде Алға ауданының Бесқоспа, Қызылту және Табантал ауылынан 215 адам, оның ішінде 96 бала, сондай-ақ Ақтөбе қаласы Елек және Қарғалы өзенінің маңында орналасқан бау-бақша ұжымдарының тұрғындары эвакуацияланды.

Сонымен қатар, Ұлытау облысында ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталды. Серіктестік көктемгі су тасқыны кезінде жақын маңдағы аумақтарды шайылып кетуден қорғау үшін ұзындығы 2 шақырымдық Жезді өзеніне санация жүргізу үшін жалпы сомасы 485,5 млн теңгеге мемлекеттік мекемемен шарт жасасқан. Алайда, жобаны іске асырудың бақылау өлшемімен мердігер жалпы сомасы 282,5 млн теңгеге жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын нақты орындамағаны анықталды. Сол сәтте жоғарыда аталған жұмыстардың болмау жағдайында ЖШС атына орындалған жұмыстар актілеріне сәйкес 400 млн теңге аударылған.

Аталған әрекеттердің салдарынан 26 үй су астында қалып, 174 адам эвакуацияланды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Олардың барысында көрестілген фактілерге қатысы бар барлық лауазымды тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі,-делінген қаржылық мониторинг агенттігі таратқан мәліметте.

Қысқасы, су тасқыны біраз былық-шылықты бетін ашып жатыр. Егер тасқын болмаса, осының бәрі жабулы қазан жабулы күйінде қалар ма еді.  Мердігерге атқармаған жұмыстары үшін жүз миллиондап қаражат аударылғанын  құзырлы органдардың білмей қалуы мүмкін бе? Су қоймаларын сенімгерлік басқаруға берген немесе сатып жіберген кім? Соңғы жылдары елімізде суға жауапты мекеме басшыларының шеттерінен пара алды, қаржы жымқырды деген айыптармен сотталуы біраз жәйтты аңғартады емес пе? 

Алысқа бармай-ақ қоялық, дәл қазір  «Қазселденқорғау» мекемесінің бұрынғы басшысы, 800 мың доллар парамен ұсталды деген Кәрім Көкірекбаевтың соты болып жатыр.    

Әрекетке қабілетсіз жандардың құқығын қорғау бойынша кеңес берілді
«Шал кел, шал кел!»: Назарбаевтың билікке оралуы мүмкін бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу