Алматы әуежайында билет алуға ақшасы болмай 3 ай тұрған Нигериялық азамат еліне оралды

Oinet.kz 23-01-2026 437

Алматы әуежайында Нигерия азаматы үш ай бойы түнеуге мәжбүр болған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.png

Бұл туралы өзін қайырымдылық қорының негізін қалаушы деп таныстырған қолданушы Threads желісінде жазды. Оның айтуынша, шетелдік азамат көші-қон қызметінің шешімімен Қазақстаннан кетуі тиіс болған, алайда елден шығу кезінде қиындықтарға тап болған. Ер адамның төлқұжаты алынып, әуе билетін сатып алуға қаражаты болмаған.

Жазбада әуежай қызметкерлері оның тамақтануына көмектесіп, көші-қон қызметімен байланыс орнатқаны айтылған. Алайда желіде қаржылай көмек сұрау дау туғызды. Кейбір қолданушылар оқиғаның шынайылығына күмән келтіріп, мұндай жағдайда елшілік пен ресми органдар айналысуы керек екенін алға тартты. «Төлқұжатсыз билет қалай алынады?» деген сұрақтар да қойылды.

Жазба авторы жауап ретінде барлық деректер бар екенін, ер адамның өзі көмек сұрамағанын, бастаманы әуежай қызметкерлері көтергенін мәлімдеді. Кейбір қолданушылар мәселені елшілік, көші-қон қызметі немесе нигериялық диаспора арқылы шешуді ұсынды.

Кейін автор оқиғаның сәтті аяқталғанын хабарлады: Нигерия азаматы елге ұшып кеткен. Ішкі істер министрлігі шетелдік азаматтың Қазақстанда болу мерзімін бұзғаны үшін сот шешімімен елден шығарылғанын растады. Әуе билеттері еріктілердің қаражатына сатып алынған, оған құқық қорғау органдары мен нигериялық қауымдастық көмектескен.

Алматы әуежайының өкілдері оның үш ай бойы әуежайдың жалпы аймағында болғанын, осы уақыт ішінде гуманитарлық көмек көрсетілгенін айтты.

Кейін белгілі болғандай, әуежайда тұрып қалған азамат – кәсіби футболшы. Air Astana қызметкері Алина Паукова оның Соломон Таки есімді ганалық футболшы екенін жазды. Ол Тәжікстан мен Қырғызстан клубтарында ойнаған. Алматы арқылы Бішкекке ұшпақ болғанда Қырғызстан визасының жоқтығынан рейске жіберілмеген, ал басқа елдерге қайтуға да құжаттары жарамсыз болған. Осылайша ол үш ай бойы әуежайда қалып қойған.

Соломон Келвин Инкум Тәжікстан, Қырғызстан клубтарында ойнап, бірнеше мәрте чемпион және жүлдегер атанған тәжірибелі футболшы ретінде танылған.

«Парламент» деп аталса жақсы, ал «Құрылтай» болса нашар ма?
Оралда соққыға жығылған жасөспірімге байланысты қылмыстық іс қозғалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу