Президент әкімін мақтаған облыс соңғы орындарда

Oinet.kz 23-01-2026 62

Еліміздегі әкімдіктердің мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша былтыр атқарған жұмыстары бағаланды. «2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қоғамдық мониторингтеу нәтижелері туралы есеп» деректеріне сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс (МӘТ) аясында жергілікті атқарушы органдар көрсеткен мемлекеттік қызметтердің орташа сапа бағасы 4,86 балды құрап, жоғары көрсеткіш тіркелді. Жергілікті атқарушы органдар қызметіне қойылған баға деңгейі 86,7%-ға жетті. 

MyCollages (1).jpgЕліміздің 20 өңірінің 17-сінде қызмет көрсету сапасы 4,80-ден 4,93 балға дейін жоғары бағаланса, қалған 3 өңір «орташадан жоғары» деген бағаға ие болды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қызмет көрсету сапасы бойынша Қарағанды облысының әкімдігі көш бастады. Өңірдің аталған бағыттағы бағасы – 4,93 балл.

Екінші орынға 4,93 балмен Ақмола облысының әкімдігі орналасып, жергілікті атқарушы органдар қызметі 92,7% көрсеткішке қол жеткізді.

Үздік үштікті Шығыс Қазақстан облысы 4,92 балмен түйіндеді. ЖАО жұмысына қанағаттану деңгейі – 92,6%-ға бағаланған.

Алғашқы бестікке Шымкент қаласының (4,91 балл) және Ұлытау облысының (4,9 балл) әкімдіктері енді.

Ал рейтингтің соңғы орындарында Маңғыстау (20-орын), Солтүстік Қазақстан (19-орын) және Қызылорда (18-орын) облыстарының жергілікті атқарушы органдары орналасқан. Бұл өңірлердің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы «орташадан жоғары» деңгейде бағаланған.

Бұдан бөлек, «Электронды үкімет» порталындағы сауалнама негізінде жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтерге онлайн-мониторинг жүргізілген. Онлайн-мониторинг нәтижелері бойынша ЖАО-ның орташа бағасы – 4,92 балл, ал толық қанағаттану деңгейі 90,6%-ды құрады. Бұл көрсеткіштер офлайн-сауалнама нәтижелерінен сәл жоғары болып шықты.

finprom.kz дерегінше, онлайн-мониторинг қорытындысы бойынша барлық өңір жоғары бағаға қол жеткізген. Рейтингтің көшбасшы орындарын Қостанай облысы (4,98 балл және 96,6% толық қанағаттану), Шығыс Қазақстан облысы (4,98 балл және 96,5% толық қанағаттану) және Батыс Қазақстан облысы (4,98 балл және 89,6% толық қанағаттану) иеленді.

Рейтингтің соңғы орындарында Алматы қаласының әкімдігі (4,83 балл), сондай-ақ  Жамбыл (4,85 балл) және Ұлытау (4,85 балл) облыстарының әкімдіктері орналасқан.

Сондай-ақ кешенді бағалау мақсатында онлайн-мониторинг пен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы бағалау деректерін біріктіре отырып та қорытынды шығарылды. Жалпы баға екі зерттеу әдісі көрсеткіштерінің арифметикалық орташа мәні ретінде есептелді. Кешенді бағалау қорытындысы бойынша рейтингтің алғашқы үш орнына Шығыс Қазақстан облысы (4,95 балл); Ақмола облысы (4,94 балл); Қостанай облысы (4,94 балл) ие болды.

Ал соңғы орындарға Қызылорда облысының (4,84 балл), Астана қаласының (4,84 балл) және Жамбыл облысының (4,84 балл) жергілікті атқарушы органдары жайғасты. 

Кинотеатрлар монополиясы қазақ киносын тұншықтыруда
Қарағанды облысының әкімдігі Сәпиев пен орынбасары арасындағы төбелеске байланысты түсініктеме берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу