Ұлттық қор: Әр баланың есеп шотына 130 доллар түседі
Биыл Ұлттық қордан әр баланың есепшотына 130 доллардан аударылады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты.
- Қаулымызға сәйкес, бұл деректерді 1 ақпанда ресми жариялаймыз. Бұл дүниеге сәбилердің келуіне, кейбір балалардың елден кетіп, азаматтықтан шығуына байланысты. Сондықтан Үкіметтегі әріптестерімізбен аталған қаражаттың кімге аударылатындығы есептелінеді. Алдын ала дерек бар. Алдын ала деректерге қарағанда, сома өткен жылдағымен пара бар, әр балаға 130 доллардан тиесілі болады, - деді Тимур Сүлейменов.
Оның айтуынша, өткен жылғы Ұлттық қордың табысы 8,7 млрд долларды құрады. - Бұл жылдық мәнде 15 пайызға тең. Екі цифр да рекордтық саналады. Ұлттық қорды басқарған уақытта бері мұндай цифр болған емес. Сондықтан Ұлттық қордан алып қоюлар мен трансферттердің болуына қарамастан оның айтарлықтай артуына септігін тигізді, - деді Ұлттық банк төрағасы.


