Шымкентте қара күш иесі 120 тонна шығатын бес вагонды сүйреп рекорд жаңартты

Oinet.kz 06-05-2025 115

Шымкентте қара күш иесі Артық Досалиев жаңа ұлттық рекорд орнатты. Ол салмағы 120 тонна болатын бес теміржол вагонын орнынан жылжытып, сүйреді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_6.jpg

Досалиев 21 метр 40 сантиметр қашықтықты еңсерге.

Оқиғаны көрермендер мен Қазақстан рекордтар кітабының өкілі бақылады. Нәтиже ресми түрде тіркелгеннен кейін, Артық Досалиев бұл жетістікке ұзақ дайындалғанын және психологиялық тұрғыда да көп еңбектенгенін мойындады.

Артық Досалиев пауэрлифтингтен спорт шебері, бес дүркін әлем чемпионы, екі мәрте Еуропа чемпионы, Азияның сегіз дүркін жеңімпазы. Өзінің бұл жетістігін спортшы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арнады.

"Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында осындай рекорд орнатып, батыр ата-бабаларымыздың рухына құрмет көрсетуді жөн санадым. Бүгінгі рекордымды соларға арнаймын. Келесі жылы, Жеңіс күніне орай, 6, 7, 10, тіпті 20 вагон тартуға ниеттімін", – деді Артық Досалиев.

"Рекордтың "таза" болуы үшін алдын ала жолды тексердік. Ол қатаң түрде горизонталь болуын қамтамасыз еттік. Кейін Артық Досалиев сүйреген қашықтықты өлшедік. Мұнда болған барлық адам – куәгер. Қазақстанда бұған дейін мұндай рекорд тіркелген емес", – деп мәлімдеді Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Бахытжан Тастүлеков.

«400 оқушыға жетекшілік етіп, түнде кеңседе отырған»: Жұмыстың көптігінен жас мұғалім мерт болды
Балаларының көзінше әйелін пышақтап өлтіріп, кейін өзінің тамағын орып жіберген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу