Алматыға ұшып келе жатқан ұшақтың бортында ресейлік азамат дәрет сындырған

Oinet.kz 11-04-2025 313

Алматыға ұшып келе жатқан ұшақта мас күйдегі ресейлік азамат қоғамдық тәртіпті бұзған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_15.jpg

Оқиға Пхукет - Алматы бағытындағы рейсте болған. Тәртіп бұзушыны әуежайдағы желілік полиция қызметкерлері ұстады.

Көлік полициясы тексеру кезінде алкогольді ішімдік ішкен 42 жастағы Ресей азаматының ұшақ ішіндегі өз орнында отырып, дәрет сындырғанын анықтады. 

Құқықбұзушы алкогольді ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу және ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдікке 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. 

Көлік полициясы департаментінің мәліметінше, биылғы жылдың бірінші тоқсанында 21 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылықты тіркелген. Олардың арасында 1648 оқиға алкогольді ішімдік ішу жағдайына байланысты. 

«Жолаушы қыздарға тиіскен»: Желіні шулатқан таксистің кім екені белгілі болды
Ақтөбеде мектеп оқушысын 15 шақты жасөспірім соққыға жығып, пышақтап кеткен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу