Анарбек Орман-«Барыс» орденінің иегері
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының жұртшылығымен кездесу барысында бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградаларды табыс етті. Мемлекет басшысының қолынан марапат алғандардың қатарында «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС директоры Анарбек Орман да бар. Оған президент І дәрежелі «Барыс» орденін табыс етті.
Анарбек Орман ұзақ жылдары Шымкент қаласын ауыз сумен қамтамасыз ететін «Водоканал» басқармасында еңбек еткен. Осы кәсіпорынға жетекшілік жасап келеді. Шымкент қаласына екі мәрте әкім болған азамат.
Ол Шымкентті алғаш рет 1995-1997 жылдары қиын-қыстау кезде басқарды. 2006-2008 жылдары әкімдіктің тізігінін екінші қайтара ұстады. Бұдан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды. Қазіргі уақытта «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-іне жетекшілік жасайтын Анарбек Оңғарұлы сонымен бірге Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Ақ жол» партиясының Түркістан облыстық филиалының төрағасы қызметін атқарады.
Жуырда мерейлі жетпіс жасақ толған азаматқа марапат құтты болсын дей отырып, елге еткен еңбектің жемісін молынан көруіне тілектеспіз!