Cот орындаушы - ресми тіркелген мемлекеттік алаяқ! - Айгүл Орынбек
Біздегі кейбір сот орындаушыларды бопсалушы, делдал яғни ресми тіркелген мемлекеттік алаяқтар деп атау керек!
Сот орындаушылар жайлы 2018 жылы Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы агенттікте мониторинг мүшесі болып жүргенде көтергем.
Сот орындаушылардың міндетін прокуратураға беру керек екенін айтқанмын! Халықтың , оның ішінде ақшалы кәсіпкерлердің есеп шотын 13 теңге үшін жауып, шотты ашу үшін 20 мың теңге сұрап қинайтындарына куә болғам!
Шымкент қаласында қаншама әйелдер әлимент өндіре алмай жылап жүргенде прокуратурамен бірлесіп, біраз аналардың мәселесін шешкенбіз. Сол аналар қәзір мені оқып та отырған шығар, сот орындаушылардан көрген қорлықтарын естіп сол кезде жағамды ұстағам.
Сот орындаушылар тек қомақты қаржының исі шыққанда ғана, өздеріне пайызын көбірек берем десең жүгіреді. Тіпті СЭС, банк, жеке коммуналдық төлем алатын компаниялармен сыбайласып, төлем жүргізбей қойған адамдардың есеп шотын бұғаттап, ақша берсең ғана ашып беріп отыратынын анықтағам.
Біздің елде жүйеге өзгеріс енгізу үшін көп адам өлу керек!
Ауыл аймақта бұндай ресми алаяқтармен күресуден шаршап, үндемей асылып өліп кетіп жатқандар қаншама?!
Бес адамның өлімі өзгеріс жасауға жеткілікті шығар ия, ау естуші үкімет?
Әлде тағы біраз адамның қаны керек пе?
Айгүл Орынбектің Facebook парақшасынан