Алматы тұрғыны Бақытжан Сағынтаевты сотқа бермек (видео)

Oinet.kz 20-10-2020 1530

Алматыда “Тіл майданы” атты қозғалыстың жетекшісі қала әкімі Бақытжан Сағынтаевты сотқа бермек. Қазақ тілінің мәртебесін көтеруді талап етіп, қалада заңды митингке рұқсат ала-алмадық деген ол, әкімдік бірнеше рет арызымызды негізсіз кері қайтарды деп отыр. Аталмыш ұйым осыған дейін де бірнеше қалада митинг өткізген. “Бір тіл – бір мемелекет” атты ұранмен бейбіт митинг ұйымдастырып жүрген ұйым өкілдері осыған дейін тіпті Нью-Йорк қаласында да шеру өткіздік деп отыр. Бұл туралы Oinet.kz  “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

image.png

Тіліміз тілімденіп бітті деген Қуат Ахметов Алматы әкімдігіне бірнеше рет барып, бейбіт митингке рұқсат ала алмағанын айтты. Айтуынша, тиісті құжатта 12 тармақтан тұратын талапты толық орындаған. Ол Алматы рұқсат беремін дегенше, Нью-Йорк мэрі мақұлдап, ана тіліміздің мәртебесін шетелдегі қандастарымыздың көтермелеуін рұқсат бергенін мақтана айтты.

“Алматы қаласының әкімі Сағынтаев мырзаны сотқа берейін деп жатырмыз. Өйткені, ол не себепті рұқсат бермегенін бізге айтқан жоқ. Бұл дегеніміз – Алматы қаласы әкімдігінің мемлекеттік қазақ тіліне қарсы шыққаны”, – деді “Тіл майданы” қозғалысының жетекшісі Қуат Ахметов.

Тіл тағдырын талқылау елордадағы еріктілерге де бұйырмапты. “Қазақ тіліне қиянат жасама” деп плакат алып шыққан Байтас ессімді азаматты да полиция алып кетіпті.

Ана тілді ардақтау шарасы Павлодардағы Естай атындағы мәдениет сарайының алдында өтті. Павлодар әкімдігі рұқсат берген, жиыл жұрт ойын айтып, талабын жеткізді. 

Сондай-ақ, “Тіл майданы” қозғалысы бейбіт митингке рұқсат берсе, мемлекеттік органдардағы ана тілдің қолданысы мен биліктің орыс тіліне басымдық беруін де баса айтқымыз келіп отыр дейді. Белсенділер республика бойынша барлық аймақта бас көтеруді көздеп отыр, сауатсыз аударылған жарнаманы да, мәні жоғалған мәтіндерді де арнайы комиссия қолға алуын талап етеді.

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың екінші толқынына қалай дайындалуда
Соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны артты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу