Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың екінші толқынына қалай дайындалуда

Oinet.kz 20-10-2020 1138

Денсаулық сақтау министрі үкіметтің онлайн-отырысында коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындық қалай жүріп жатқанын айтып берді деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

Алексей Цойдың айтуынша, күзгі-қысқы кезеңде коронавирустың мүмкін болған екінші толқынына дайындық мақсатында қоймаларда екі айлық дәрі-дәрмек қоры жасақталуда. Оның мәліметінше, "СҚ-Фармация" жалпы сомасы 8,2 млрд теңгеге коронавирусты емдеуге арналған тапшы және үлкен сұранысқа ие препараттардың 44 түрін сатып алуда. Бұл дәрі-дәрмектер айына шамамен 60 мың науқасты емдеуге жетуі тиіс. 

- "Қор көлемі Денсаулық сақтау министрлігінің КВИ-дің екінші толқыны жағдайында қауіпсіздік көпшігін құруға арналған болжамына сәйкес баға ұсыныстарынан тыс сатып алынады. COVID-19 індетін емдеуге арналған екі айлық дәрі-дәрмектер бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында сақталады. Осы сағатқа 5,92 млрд теңгеге 37 түрлі дәрі-дәрмек сатып алынды. Бұл шара мүмкін болатын екінші толқын үшін коронавирусты емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің резервін қалыптастырады және қажеттіліктер мен аурудың өсімін жоспарлау мәселелерін шешеді", – деді министр.

Барлық өңірлерде 13 миллиардтан астам теңгеге дәрі-дәрмектерді тұрақтандыру қорлары ұйымдастырылды, сондай-ақ 1,5 мың өкпені жасанды желдету аппараты сатып алынып, 300-ге жуық облыстық ауруханаларға жеткізілді. Сонымен қатар әкімдіктер елуден астам рентген аппараттарын жеткізуге келісімшарт жасасты. 

Биыл қыс қандай болады?
Алматы тұрғыны Бақытжан Сағынтаевты сотқа бермек (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу