ШҚО-да қызметін атқару барысында қаза болған кардиохирургтың жесірі оның ерлігі туралы айтып берді
Шығыс Қазақстан облысында коронавирустан қаза тапқан кардиологтың отбасына жанқиярлық ерлігі үшін алған "Барыс" ордені табысталды, деп хабарлайды Oinet.kz сайты "Астана" арнасына сілтеме жасап.
Бекжан Болановтың артында екі баласы қалды, кішісі небәрі бір жарым жаста.
Марқұм кардиолог елімізде індет басталған бірінші күннен-ақ қауіп-қатерге қарамай өз қызметін тиянақты атқарған.
"Маусым айының басы болатын, оларда ковидпен ауыратын науқас анықталды және барлығын өзін-өзі оқшаулауға жіберді. Ол үйге келді, 2 күн ғана болды, ПТР-ға талдау келді, нәтижесі - теріс. Сіз оның орнынан ұшып тұрып, мен жұмысқа барамын дегенін көрсеңздер ғой. Бекжан жұмысқа барма дедім, мүмкін бұл өзімшілдік де болған шығар, бірақ мен әйелі ретінде айттым. Ал ол маған "анда менікілірдің жағдайы қалай" деп жауап берді, бір қысқа сөз. Ол әрдайым алдыңғы қатарда болды", - деді кардиохирургтың жұбайы Алма Боланова.