«Ханның қызысың ба?» - Әбдіқалықованың ашулы тұрғындарға жауабы

Oinet.kz 17-07-2020 4457

«Ханның қызысың ба?» Әлеуметтік желіде Қызылорда облысы тұрғынының әкімге шүйліккен видеосы қызу талқыға түсті. Ол Гүлшара Әбдіхалықованың жолды жауып тастағанына ренішін осылай білдірген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Ktk.kz-ке сілтеме беріп.

Гүлшара Әбдіқалықова – Мәжіліс комитетінің төрайымы - Қазақстан ...- Ханның қызысыз ба, жолды жаптыратын? 

- Жолды мен жаптырған жоқпын. 

- Неге өтесіздер? 

- Халықты қорлайсыздар, халықпен бірге емессіздер! 

Бұл тұрғын келе жатқан автобусының аяқ асты тоқтағанына ашулы. Сөйтсе, сол маңайдағы аурухананы облыс әкімі аралап жүр екен. Автобустан түсіп жаяу жеткен келіншек келе сала, наразылығын әкімнің өзіне айтты. Ал Гүлшара Әбдіхалықова жолды жабу жөнінде ешқандай пәрмен болмағанын жеткізді. Әкімнің айтуынша, жолды жауып белсенді болып жүрген аудан басшылары да емес, қарапайым учаскелік полицей екен. 

Гүлшара Әбдіқалықова, Қызылорда облысының әкімі: 

- Мен ешқандай жолды жабу туралы тапсырма берген жоқпын. Аудан әкімі де жолды жабу туралы ешқандай тапсырма берген жоқ. Сол жердегі ішкі істер бөлімінің басшысы да айтып отыр. ондай тапсырма берілген жоқ деп. Сол жердегі полициялық учаскенің шешімі болса, оның іс-әрекеті жөнінде  мен облыстық департамент басшысы Сұлтан Бектөреге тапсырма бердім.

Министрлік халыққа «үлкен» өтініш жасады
ШҚО-да қызметін атқару барысында қаза болған кардиохирургтың жесірі оның ерлігі туралы айтып берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу