Дәурен Айдарқұлов бірінші әйелімен қайта қосылуы мүмкін

Oinet.kz 14-07-2020 5275

Осыдан бірер күн бұрын екінші жары Ақбота Сейітмағамбетпен заңды түрде ажырасқанын хабарлаған Дәурен Айдарқұлов тағы да ел талқысына түсті. Бұл жолы желідегілер актердің бірінші әйелімен қосылайын деп жүргенін болжауда. Олардың бұл ойына өнер иесінің желідегі жазбасы түрткі болған.

Screenshot_35.jpg

Дәурен Айдарқұлов Instagram парақшасында анасы мен бірінші некесінде туған үш баласымен түскен суретімен бөлісіп, желіде қызу талқыға түсті. Белгілі актер фотоның анықтамасына "ИншаАллаһ жақында бірге боламыз" деген жазба қалдырған. 

Screenshot_36.jpg

Желі қолданушылары өнер иесінің бұл сөйлеміне қатысты жарыса пікір білдіріп, өз болжамдарымен бөлісті. Олардың пайымдауынша, әзілкеш алдағы уақытта бірінші әйелімен қосылуға ниетті. 

Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев көз жұмды
42 500 теңгенің кімдерге төленетіні белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу