Еуропаның 30 елінде COVID-19 қайта өршіп жатыр
Еуропада соңғы жеті күн ішінде коронавирус жұқтырғандардың саны көбейген. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге айтты. Оның мәлімдемесі YouTube-те жарияланды, - деп хабарлайды Oinet.kz сайты https://kaz.tengrinews.kz/ ақпарат порталына сілтеме жасап.
Клюгенің айтуынша, соңғы күндері Еуропаның 30 елінде COVID-19 қайта өршіп жатыр. Егер бұл үдерісті тоқтатпаса, Еуропа елдерінің денсаулық сақтау жүйесі "тоқтап қалады" дейді.
Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта еуропалықтардың әлеуметтік қашық пен маска тағу сияқты ережелерге жауапкершілікпен қарап, қатаң сақтайтын болғанын айтады.
ДДҰ мәліметінше, әлем бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны бүгінде 9,3 миллионға жетті, ал қайтыс болғандардың саны 479 мыңнан асаы.
Қазақстанда науқастардың саны 19 750-ге жетіп отыр, 12 220 науқас айықса, 140 адам қайтыс болды. Ал симптомсыз науқастардың саны 13 560-қа жетті.