Димаш Құдайберген 102 отбасыға 5 тонна азық-түлік жіберді

Oinet.kz 05-04-2020 3717

Димаш Құдайберген ақтөбелік және нұрсұлтандық 102 отбасыға 5 тонна азық-түлік жіберген. Ертеңнен бастап ақтөбелік 50 отбасыға таратылады деп хабарлайды City04.kz тілшісі.

Screenshot_9.jpg

– Ақтөбелік және нұрсұлтандық 102 отбасыға азық-түлік жиынтықтарын дайындадық. Бізде отбасында 2-3 мүгедек балалары бар отбасылардың тізімі бар. Кеше Нұр-Сұлтан қаласындағы отбасыларға азық-түлік тараттық. Қазіргі таңда ақтөбелік отбасыларға берілетін азық-түлік дайын тұр. Ертеңнен бастап ақтөбелік отбасыларға тарату жоспарланып отыр, – дейді әншінің анасы Светлана Айтбаева.   

Димаштың анасының айтуынша, Jas Otan Жастар қанатының еріктілері азық-түлік таратуға көмектесіп жатыр.

-Бұл Димаштың өз бастамасы. Отбасымыздың атынан ұйымдастырып беріп жатырмыз, – деді Светлана Айтбаева. 

Бұған дейін, Димаш Құдайберген өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына бейне жазып, казақстандықтарды коронавирус пандемиясы кезінде үйлерінде қалуға шақырған болатын. Сонымен қатар, ол бұл бейнені үйінде отырып жазып отырғанын атап өтті.

Онлайн жерлеу рәсімі: Коронавирустан көз жұмған жеткіншектің жақындары оны ақтық сапарға шығарып сал
Бір жасар сәби коронавирустан емделіп шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу